Сенім телефоны
8(7182)629144
email: sad38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 46/1
8(7182)62-91-44 қабылдау бөлмесі, 8(7182)32-59-91 бухгалтерия 8(7182)32-39-28 вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күнтізбелік сағ 9.00 –ден сағ.12.00-ге дейін сәрсенбі сағ 9.00 –ден сағ.12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ДОМБЫРА КҮНІ
01-07-2022 17:26
ДОМБЫРА КҮНІ

1 ШІЛДЕ-ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ.

            Домбыра-қазақтың жай ғана музыкалық аспабы емес, ол ежелден ата-бабаларымыздың тарихы мен мәдениетін сақтауға ықпал етіп, ұлттық тәрбиеніжеткізетін ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНА, қазақтың музыкалық мәдениетінің символы, елдің басты брендтерінің бірі. Мерекенің мақсаты-қазақтың музыкалық аспабын дәріптеу арқылы ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру.

          Балабақша тәрбиеленушілері домбыра күнін атап өтті. Тәрбиешілер "домбыра туралы аңыз", "Сиқырлы домбыра"атты тақырыптық сабақтар өткізді.

         Іс-шара барысында балалар домбыра туралы жұмбақтар шешіп, аспаптардың дыбысталуын біліп, домбыраның шығу тарихын тыңдады. Сондай-ақ, балалар сурет салып, мүсіндеп, аспаппен ойнады. Өткізілген іс-шаралардың арқасында балалардың ұлттық музыкалық аспапқа деген қызығушылығы және домбырадаойнауды үйрену ниеті пайда болды.