Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)629144
email: sad38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 46/1
8(7182)62-91-44 қабылдау бөлмесі, 8(7182)32-59-91 бухгалтерия 8(7182)32-39-28 вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күнтізбелік сағ 9.00 –ден сағ.12.00-ге дейін сәрсенбі сағ 9.00 –ден сағ.12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Психология апталығы»
01-03-2018 14:43
«Психология апталығы»

2018 жылғы 19-23 ақпан аралығында балабақшада «Психология апталығы» іс-шарасы өткізілді. Психология апталығына тәрбиешілер, балалар және ата-аналар белсенділік танытты. Барлық жоспарланған іс-шаралар өте қызықты түрде өтті. Көптеген акциялар өткізілді, оған балалар мен тәрбиешілер қатысты. Бірінші күннен және апта бойы «Психологиялық жеңілдету алаңы» мен «Тіліктер ағашы» ата-аналар мен қонақтар атақты тұлғалардың ақылды ой-пікірлерімен танысып, балабақшаның жұмысы туралы және педагогтарға өз ынталарын білдіріп жатты.Барлық ұйымдастырылған іс-шаралардың маңыздылығы әр адам үшін құнды болды. Педагогтар үшін «Бір-бірімізге жылу сыйлаймыз» тренингі өтті, әр топ үшін сенімділік,эмпатия (мазасыздану)- «Менің сезімім», «Психология-ғылыми рухтану», «Көмекшілер» сабақтар өткізілді. Ата-аналар және қонақтармен «Бір шыны шәй» отырысы өтті. Әр күннің өз тақырыбы болды және барлық мерекелер осы тақырыптарға сәйкес үндестігін тапты. Бірінші күні «Күн бояуы» акциясы өткізілді, оның мақсаты балалар мен ересек адамдардың көңіл күйін зерттеу. Осы күні ата-аналарда позитивті, мейірімді, салмақты, сенімді, байсалды көңіл-күйлер басым болды. Ал балалар жарқын, ашық көңіл-күйде болды. Апта бойы педагогтар үшін –«Аптечка для души», «Досына мақтау айт» акциялары өткізілді және кез келген адам өзіне, досына, ата-анасына мақтау сөздерін айта алды. Сонымен қатар, балалар мен ата-аналар арасында «Таныс болайық, бұл- Мен», «Бақыт дегеніміз не?» стенгазеттердің байқауы өткізілді. Ата-аналар қауымы арасында осы бастамалар қолдау тапқаны қуантады. «Психология апталығы» жұмысына балалар мен ата-аналар көптеп тартылды және іс-шара мақсаттарына жетті деп ойлаймыз. «Психология апталығы» барлығымызды қанағаттандырды, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Осы жобаны ата-аналардың қолдауы мен белсенділігінің арқасында іске асты.