«Ұлы Жеңістің 73 жылдығына» арналады...
Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бүгінде біздің міндетіміз болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Балабақшада Жеңіс күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Әр топта балаларға тақырыптық сабақтар өткізілді, видео-презентациялар көрсетілді. Балабақшаның фоесінде «Ұлы Жеңістің 73 жылдығы» әскери тақырыбына балалар мен ата-аналардың бірлескен жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Біздің балалабақшаның балалары мен педагогтары дәстүр бойынша «Мәңгілік алауға» барып гүл қойды.