Ең әдемі, ең сауатты балалардың балабақшамен қоштасу балы.
Міне, мектепалды түлектерімен қоштасу сәті келіп қалды, 23 мамырда біздің балабақшамызда қоштасу мерекелік ертеңгілік өтті.
Біз ата-аналарды және балаларды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз. Жақын арада біздің түлектерімізге мектеп қабырғаларында бірінші қоңырау үні соғылады.
Тәрбиеленушілерімізге ақ жол, сәттілік тілейміз!
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне ата-аналар, ата, әжелер келді, ал әкелер болса аталмыш мерекеде керемет белсенділік көрсете білді.
Біздің балалар 6 жылдың ішінде қандай өнер мен білім алғандарын көрсете білді, сонымен қатар өлең айтып , мәнерлеп оқуды жоғары дәрежеде ұсынды. Балапандарымызға зор денсаулық, ашық аспан, тілейміз. Мектепті тек қана бестікке оқуға тілектеспіз!