Сенім телефоны
email: yasli-sad35@mail.ru
Мекенжайы: Сормов көш., 5/2
55-64-74, 65-13-05, 55-59-42
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
09-00ден 18-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Психологтарға арналған семинар
06-12-2018 16:56
Психологтарға арналған семинар

2018ж. 5 желтоқсанда «№35 сәбилер бақшасында» педагогтарды аттестаттау аясында психолог Ховалко Галина Петровна психологтарға арналған семинар өткізді. Семинар мектепке дейінгі жастағы балалардың эмоционалдығы тақырыбында болды. Педагог тақырып бойынша өзінің баяндамасын оқып, содан кейін практикалық бөлімге көшті. Өз тәжірибесінде, балалармен жұмыс жасауда сенсорлық бөлменің элементтерін қолданудың тиімділігін көрсетті. Өз қолымен жасаған құрғақ душ элементі психолог кабинетінің таптырмас бөлігі екенін дәлелдеді. Балалардың сүйікті бұрышына арналған бұл құрғақ душ психолог кабинетінің көрнекілігіне айналып кеткен. Сонымен қатар психолог өз жұмысында құм терапиясын кеңінен қолданады. Ол үшін жарықтандылырған құм үстелін қолданады. Шаршағанды басамын десеңіз, Галина Петровна бұның да шешімін тауып береді. Жан-жағы түсті матамен оқшауланған, жоғары жағында жарық шамдары бар, арнайы ұсақ гранулалармен толтырылған жұмсақ креслоға отырған семинар қатысушылары ұмытылмас әсер алғандарын айтты.