«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауын барша қазақстандықтар болып, сондай-ақ «Павлодар қаласының ой-өрісі бұзылған балаларға арналған түзетулік үлгідегі №39 балабақшасы» МҚКК ұжымы да тыңдады және талқылады. Президент Үкімет, әрбір мемлекеттік органның, мемлекеттік компанияның басшысыларына жұмыс тәсілдерін өзгерту қажеттігін, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиістігін айтты. . Президентіміз Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсыратынын айтты. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі.
