ҚАУІПСІЗ ТЕРЕЗЕ. АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Қауіпсіздік ережелері
- Балалардытерезесі ашық бөлмеде қысқа уақыт аралығында дақараусыз қалдырмау керек.
- Балаға терезеге шығатын баспалдақ бола алатын жиһаз бөлшектерін терезелердің жанына қоймаңыз.
- Баланың терезені өз бетінше ашуына мүмкіндік бермейтін терезелерге арнайы құлыптар, бекіткіштер және басқа да қауіпсіздік құралдарын орнатыңыз.
- Баламен ашық терезенің жанында болғанда, оны мықтап бекіту, баланың кенеттен қозғалуына дайын болу.
- Баланы терезенің тақтайына қоймау, өз бетінше өрмелеуге жол бермеу, сондай ойындардан аулық болуды ескерту.
- Ешқашан москит торларына сенбеңіз, олар тіпті ең кішкентай баланың салмағына төтеп бере алмайды.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін терезелер ашық бөлмеде балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Москит торы баланың терезеден құлап кетуіне кедергі болмайды.