2021 жылғы 20 тамызда онлайн режимде Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдары қызметкерлерінің "Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі" тамыз педагогикалық форумы өтті. Форумның мақсаты-заманауи инновациялық технологияларды қолдану бойынша әріптестермен тәжірибе алмасу. Е.А. Боровикова, тәрбиеші орыс тілінде оқытатын тәрбиешілерге арналған "Заманауи мектепке дейінгі білім беру – жаңа мүмкіндіктер уақыты" интерактивті сессиясына қатысты, онда 5-6 жастағы балалардың коммуникативтік қабілеттерін тиімді дамыту технологиясы - "Әлеуметтік ойын" жұмыс тәжірибесімен таныстырды. Сессия қорытындысы бойынша Е.А. Боровиковаға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сертификаты табыс етілді. Құттықтаймыз! Әріптесімізге үлкен шығармашылық табыс тілейміз!