Ата-аналардың назарына - "Қауіпсіз терезе"
АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Жаз мезгілінің басталуымен байланысты көпқабатты үйлердің терезелерінен кішкентай балалардың құлап кетуіне жол бермеу үшін ата-аналар ерекше назар аудару қажет.Балалардың терезеден құлауының себептері, әдетте, балалардың ашық терезелерге шектеусіз кіруі, босап қалған москит торлары, сондай-ақ жас балаларды қараусыз қалдыру. ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Сіздердің, АТА-АНАЛАР, өз балаларыңызға деген қырағы қарым-қатынасыңыз ғана қатерден құтылуға көмектеседі! Балаларыңыздың қайда екенін дәл қазір тексеріңіз!