Сенім телефоны
8(7182)533200
email: sad51@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Сәтбаев көшесі, 13
8(7182)533200 - басшы 530759 - әдіскер 653285 - бухгалтер 533092 - медбике
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
09.00-18.00. Түскі үзіліс/Обеденный перерыв -13.00-14.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» сайысы
27-02-2024 11:31
«Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» сайысы

№51 сәбилер бақшасында ересек және мектепалды топтарының тәрбиеленушілері арасында «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» атты сайыс өтті. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халқының ауызекі халық шығармашылығына қызығушылығын, бір-біріне деген толерантты көзқарасын тәрбиелеу. Балабақшаның мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілері мемлекеттік тілдегі мақал-мәтелдерді меңгеруден жарысып, жұмбақтардың шешімін тауып, өлең оқыды. Жарысқа әр жас тобынан 10 қатысушы қатысып, көрермендермен «Қамшыны ұста» қимыл-қозғалыс ойыны ойнатылды. Іс-шара балалар үшін қызықты әрі танымдық болды. Барлығы жақсы өнер көрсетіп, сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ретінде дипломдар алды. Мектепалды логопед тобының тәрбиеленушілері сайыскерлерге «Жігіттер» атты жалынды биін тарту етті.