Наурыз мейрамының негізгі ұғымы – елді жаңартып, жаңа құндылықтарды қалыптастыру кілтіндегі бірлік, бауырмалдық, ынтымақ мерекесі. Кезеңнің әрбір күні қазақстандық мәдениет пен қоғамның байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналған. Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға арналған.
14 наурыз — Көрісу күні — Амал мерекесі; 15 наурыз — Қайырымдылық күні; 16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні; 17 наурыз — Шаңырақ күні; 18 наурыз — Ұлттық киім күні; 19 марта — Жаңару күні; 20 марта — Ұлттық спорт күні; 21 наурыз — Ынтымақ күні; 22 наурыз — Жыл басы; 23 наурыз — Тазару күні.
Жаңа жылдың символы Наурыз мейрамының соңғы күні 23 наурыз – Тазару күні болып жарияланады. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.