Қайырымдылық күні
15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күн бүкіл ел бойынша қайырымдылыққа, мейірімділікке және тату көршілікке арналған. Балабақша қызметкерлерінің арқасында «Павлодар облыстық мамандандырылған балалар үйінің» балаларына ең қажетті заттар, атап айтқанда: жаялық, дымқыл майлықтар, ойыншықтар жиналып, сыйға тартылды. Осындай іс-шараларды өткізу қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға, жанашырлық пен өзара көмек көрсету құндылықтарын қалыптастыруға көмектеседі. Барлығыңызға көп рахмет!!! Бірге игі іс жасадық.