"Қауіпсіз терезе"
Ашық терезе бала үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
• Баланы қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезе ашық кезде.
• Москит торы қорғамайды! Бала оған сүйеніп, құлап кетуі мүмкін.
• Жиһазды терезе маңына қоймаңыз, өйткені бала оның үстіне шығып кетуі мүмкін.
• Терезеге арнайы бекіткіштер мен құлыптар орнатыңыз.
• Балаға терезе алдында ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Балаға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз.
Есіңізде болсын:
Бала қауіпсіздігі – ата-ананың жауапкершілігі!
Балаларыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтаңыз!

