Жеңіс күні

Біздің елімізге 9 Мамыр Жеңіс күні мерекесі өте маңызды. Балалар бұл мерекені балабақшада да тойлады. Ән-күй залында балалар, ата-аналары және балабақшаның қызметкерлері мерекеге жиналды. Тәрбиеленушілер соғыс жылдарындағы ән мен тақпақтарын дайындады. Мерекеден кейін тәрбиешілер даярлық тобының тәрбиеленушілерімен бірге мәңгілік алауға гүл шоғын қойды.