«Тәуелсіздік хроникасы» мұражайдағы іс-шара
2018 жылдың 14 желтоқсанында балабақшамыздың тәрбиеленушілері Павлодар облыстық көркемсурет мұражайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай өткен «Тәуелсіздік хроникасы» іс-шарасына қатысты. Осы іс - шараның басты мақсаты - балалардың бойында жеке тұлғаның рухани қасиеттерін дамыту, патриотизм мен азаматтыққа, Президент тұлғасына және өз еліне деген құрметке тәрбиелеу. Іс-шара аясында даярлық топтарының тәрбиеленушілері «Әлемдік қауымдастық таныған Қазақстан» фотокөрмесімен танысты, сондай-ақ «Тәуелсіз Қазақстан» фильмін көрді және танымдық викторинаға қатысты.