Наурыз мерекесіне арналған көрме
Наурыз мерекесінің қарсаңында біздің балабақшада "Жайлауда" деген көрме ұйымдастырылды. Ата-аналар мен балалардың бірлесіп істеген жұмыстарының нәтижесін көрдік. Олар өздерінің шығармашылық жұмыстарында елінің көркем жерлерін, туған жерінің сұлу табиғатын, салт-дәстүрін көрсете білді.
