Аттестаттау шаралары барысында біздің балабақшамызда шағын орталықтар әдіскерлері мен тәрбиешілерге арналған "Мектепалды білім беру мекемелер тәжірибесіне Монтессори педагогикасын енгізу" тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті. Семинарға қатысушылар № 53 сәбилер бақшасы басшысы Елена Бенердің "Мария Монтессори және оның жүйесі" атты баяндамасы мен тәрбиеші Ирина Пантелееваның "Монтессори жүйесі бойынша заттық даму ортасын ұйымдастыру" баяндамасын қызығушылықпен тыңдады. Тәрбиешілер Ирина Коломенская және Ирина Пантелеева балалардың өмірде қолданатын жаттығуларын көрсетті, ал ән-күй жетекшілері Любовь Федичкина қозғалудың ерекше түрлерін балалармен көрсетсе, Наталья Науменко сол жаттығуларды семинарға қатысушылармен жасап көрсетті. Семинар барысында Монтессори жүйесі бойынша тақырыптық аймақ белгілеуге арналған дидактикалық құралдар жасалды. № 30, 26 сәбилер бақшаларының қатысуымен "Монтессори материалдары" атты көрме ұйымдастырылды.
