
Алтын Көкішқызы Кәрімжанова - № 9 балабақшаның басшысы.
1986 жылы Талдықорған педагогикалық институтын, педагогика және психология, мектепке дейінгі мекемедегі әдіскер мамандығы бойынша бітірді.
Мектепке дейінгі мекемедегі еңбек өтілі – 33 жыл құрайды.
№ 9 балабақшада 1986 жылдан жұмыс істейді.
Балабақшаның басшысы болып -1995 жылдан қызмет етеді.
2011жылы ПК БАИда «Мектепке дейінгі мекемеде қазіргі заман талабына сай басқару негіздері» тақырыбында білім көтеру курсынан өтті.
Балабақшаның басымдылық бағыты: "Балалардың бойында рухани-патриоттық сана сезімді қалыптастыру"
№ 9 балабақшаның жұмысы баланың балабақшадағы өміріне жағдай жасау, олардың жеке тұлға ретінде және жас ерекшеліктеріне сай ашылуларына, ата-аналарға баланың денсаулығын көтеру, тәрбиелеу, білім беру туралы көмек көрсету. Балалардың жұмысын қызығушылықтарына байланысты мазмұнды және қызықты ұйымдастыруға жағдай жасалған.
