Дауыссыз дыбыстармен жұмыс жүргізу кезіндегі ойын әдістері
Дауыссыз дыбыстармен жұмыс жүргізу кезіндегі ойын әдістері. 1) Дыбыстың артикуляциясы. - тіл өз үйшігінде турыпты. Ол ұшақтың әнін үйренгісі келді. Ол күлімсіреп барлық тістерін көрсетті де, үйін кең ашты, дауысын қосты, құйыршығын тез жоғарғы есікке лақтырды суық желді жіберді. Тілі «р-р-р-р» деп ән айтты, құйыршықтың дірілдегенің сезді. Ұшақтың әнін бірге айтайық “ р-р-р”! 2) Дыбысты сөзде танып білу Тәрбиеші суретті көрсетеді немесе сөздерді айтады. Ал балалар р дыбысы бар сөздерді танып біледі: шапалақтайды немесе қолдарын көтереді, сосын бірге айтып өтеді. 3) Буынұйқастар : . ра-ра-ра – ұшып жүр ара; ар-ар-ар – дала толы қар; ыр-ыр-ыр – үйдың сыртында қыр; ры-ры-ры – жапырақтар сары; ір-ір-ір – үсті – басы кір; 4) Жаңылтпаштар: Мұртты мұртын сүртті, мұрттыны біреу түртті. Торта қойдым, орта қойдым, орта қойдым, жорта қойдым. л – р дыбыстарына дифференциация жұмысын жүргізу 1) л - р дыбыстарын белгілеу. - Балалар естеріңе түсіріңдерші Тіл үндіктің жуан әнін қалай айтады. (“Л-л-л”.) Ал енді мотордың әнін еске түсірейік (“Р-р-р”.) - Мен сендерге суреттерді көрсетемін, ал сендер л-р дыбыстарын нақты айтасындар. 2) Буынұйқастар: Ло-ол-ор- торғайға жасадым тор; ло-ло-ро - Мальвинаның досы Пьеро; ал-ар-ал – көл жиегінде тал; Балалардың дыбысты нақты дұрыс айтуын қадағалау. 3) Сөйлеммен жұмыс. Сөйлемді тыңдап есіне сақтайды: Гүлге қонды ара. Менің киімім ала. Педагог сөйлемді бастайды, ал балалар аяқтайды. Педагогтың қолы кімге тиді сол бала жауап береді: Гүлге қонды.. . Менің киімім ... 4) Жаңылтпаштар: Қыста боран болар, қар болар, қыздар шәлі, орамал оранар. Қара ала лақ, қара ала лақ. Қара ала лағым қорада бірақ. 5) Мәтінде л – р дыбыстарына сөздерді белгілеу. Мәтендерді тыңдап отырып керекті дыбысты естігенде қолдарын көтереді. Аққала Қыс келді. Дала аяз. Олжас пен Ләйлә жылы тон, колға колғап, мойынға ала бөкібай салып далаға шықты. Олжас пен Ләйлә аулада аққала жасады. Олжас пен Ләйлә көңілді. Орманда Жазда Рамазан ауылға барды. Онда Рамазанның Раушан әжесі Арлан атасы тұрады. Арлан атаның қорасы бар қорасында арбасы бар. Арбаға атты жегіп Рамазан мен Арлан-ата орманға барды. Орманда араның ұясын көрді. Раушан әжеге араның балын әкеп берді.
