3 жастағы балаларға фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін арналған ойындар
ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР ЖҮЙЕСІ «Кім солай сөйлейді?» Мақсаты: жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарын еліктеуге үйрету. Құрал: Доп Ойын барысы: ойынға 4-5 бала қатысады. Балалар жарты дөңгелекке турады, ортасында доппен тәрбиеші турады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып : «Ит қалай үреді көрсетші» «Кім сені шақырды, тап» Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету. Құрал: арнайы құрал керек емес. Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға турып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада турған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып табу қажет. Таныса шеңберге турады – шақырған бала ортаға турады. «Бес санына шапалақта» Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету. Ойын барысы: ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5 дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсын» «Бұл не қылған дыбыс» Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету. Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары. Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.
