Ата - аналарға кеңес дұрыс сөйлеу
Дұрыс сөйлеу - дағдыдан Бөбектің тілі анық шығуы үшін оған көбірек көңіл бөлу керектігіне келісесіз бе? Мұны сіз ешбір логопед – маманның көмегінсіз өзіңіз-ақ қолға алсаңыз болады. Ендіше төмендегі 10 ережені мұқият оқып шығыңыз. Баласы қатарының алды боп ержеткенің қалайтын ана өз білімін жетілдіріп, ізденуден жалықпайды. Соның ішінде логопедиялық білім де аналар үшін артықтық етпейді. Бөбектің тілі жаңа шығып келе жатқанда оның сөйлеу дағдысы мен мәдениетінің дұрыс қалыптасуы үшін ата-аналар мынадай қарапайым ережелерді жадында ұстауы қажет: 1.Жаңа туған бала өсіп жеткенше үнемі анасының қасында болады. Сол уақытта анасы сәбиіне өбектеп, айналып – толғанып, мейрімге толы сөздердің сан тұрын айтып, әлпештеп бағады. Құшақтап, бауырына басып, кішкентайын күн бойы көзінен бір сәтке таса қылмауға бар. Бұл да баламен алғашқы эмоциялық қарым-қатынас жасаудың негізгі түрі саналады. Дәл осы кезеңде сөйлемек түгілі, әлі уілдей де қоймаған сәбиімен анасы үнемі дауыстап сөйлесіп, «а-а-а-а», «ы-ы-ы», «ү-ү-ү», («бөпешім қа-а-а-айда екен?», «күнім (кү-нү-у-м) менің, айы-ы-ым, бота-а-ам сол») сияқты дыбыстарды айтқан кезде ернінің артикуляциясын (қозғалсыны) бала көруі керек. 2.Әрбір әрекетіңізді сипаттап айта жүріңіз. «Міне, апаң саған сүт бергілі жатыр. Қазір киімінді аустырамыз. Құлыншағымды далаға шығарамын» деген сынды іс-қимылды сипаттайтын сөздер жиі айтылуы керек. Себебі күнделекті қайталанатын әр ісіңізге мән беріп жатпайсыз ғой. Бірақ сәби анасының дауыс ырғағын елден ерекше таниды. Ананың айтқан әрбір сөзі баланың санасына сынадай қағылады. Демек, сәбидің құлағына мейрім мен жақсы лебізді ертеден сіңіре беріңіз. 3.Бөпеңізбен міндетті түрде жақын келіп, бетіне үңіле қарай сөйлесіңіз. Сөзерді анық та айқын айтып дауысты әріптерді созынқырап жеткізіңіз. Кез келген бала үлкендерге еліктеп өседі емес пе? Мәселен , балапаның суретің көрсетіп тұрып «БАА- ЛАА-ПАААН» деп буынға бөліп, созып айтуға келетін дыбыстарды саумалап созыңыз. Ұ,Ү,У,О,Ө дыбыстарын айтқан кезде еріннің жиырылатынына, ал керісінше «А,Е,Ы,И» дыбыстарын айтқан кезде езудің созылатынына бөбектің назары түссін.
