Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: г. Павлодар, ул. Академика Сатпаева, 241
(87182)676298
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 9.00 - 18.00 ч
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
«Бала саусағын ойната отырып тілін дамытайық»
Балаларда қабылдаудың, зейіннің, есте сақтаудың, ойлаудың және тілдің дамуы саусақтардың қимылдарының икемділігі мен дәлдігі қаншалықта дамытылғанымен тығыз байланысқан. Үй тұрмысындағы кәдімгі заттар арқылы саусақтардың икемділігін және тактилдік сезімталдықты қалай дамытуға болады? Ең бастысы – баламен ойнау үшін, арнаулы ештеңе сатып алуға қажеті жоқ – барлығы үйде табылады. 1) Ашық түсті поднос алыңыз, оған күрішті жұқа қабатпен себіңіз және саусақпен сызықсалыңыз. Сызық ашық түсті болып шығады, бала сөзсіз сізді қайталағысы келеді. Әрі қарай қиялыңызды қосыңыз: күн, үй, гүл, көлік, немесе басқа заттарды. 2) Терең тәрелкеге фасоль себіңіз. Баланың қолына пластиктан жасалған кішігірім бөтелке беріңіз. Тәрелкеден бір-бір фасольден алып бөтелкенің ішіне лақтыруды көрсетіңіз. Балаға бұл ермек ұнайды, үйткені фасольдер бөтелкенің ішіне дүрсілдеп түседі. 3) Кофеден немесе шайдан қалған қалбырды алыңыз, тесік істеңіз, ішіне тесіктен бір-бір түймеден лақтырып отырыңыз. Баланы түймелер сылдырлап түскені қызықтырады. 4) Картоннан жасалған кішігірім қорапты және кір қысқыштарды алыңыз. Оларды қораптың іргелеріне қалай қыстырып қоюын көрсетіңіз. Бұл ойын саусақтарды керемет бекітеді және қимылдардың үйлестіруінің дамуына көмектеседі. 5) Балалар сурет салғанды жақсы көреді.мұндай мүмкіншілікті беріңіз. Оны саусақтармен жеңіл жасауға. Кез келген жерде салуға болады: топырақтың үстіндебуланып тұрған терезенің әйнегінде, саусақтарды бояуға батырып қағазда сурет салу. 6) Түстері және өлшемдері әр түрлі түймелерді дайындаңыз. Бірінші өзіңіз олардан сурет қалаңыз, сосын балаға осындай суретті өз бетінше жасауын ұсыну. Бала өз бетімен тапсырманы орындауға үйренгенненкейін, өзінің суреттерін ойлап табуға ұсыну. 7) Кәдімгі шашқа арналған резенке диаметрымен 4-5 см. қажет. Барлық саусақтар резенкеге кіргізіледі. Бүкіл саусақтардың қимылдарыменен резенкені 360º жылжыту керек: бір жаққа, содан кейін кері. Содан соң басқа қолмен жасату. 8) Қарындашты саусақтардың арасымен бас бармақтан шынашаққа дейін және кері әр қолмен кезек домалату. 9) Үстелдің үстінде жатқан сіріңкелерді екі қолдың бірдей саусақтарымен жинайды: 2 көрсеткішті саусақтарымен, 2 ортанғы саусақтарымен. 10) Балаға бет орамал беру керек, оны бір бұрышынан ұмаждай бастап, жұдырық ішіне кіргізу керек. Әр ана ерте ме, кеш пе ойланады: баламен қалай, оған әрі қызықты, әрі игілікті болу үшін ойнау керек? Баламен ұзақ қысқы кештерде қалай шұғылдануға болады? Балада басмиының дамуы ұсақ моториканың дамуымен тура байланысып түр. Ұсақ моториканың керемет қасиеттері туралы біздің дана ата-бабаларымыз да білген. Ұрпақтан ұрпаққа саусақты ойындар, көңілді өлеңдер жалғасып отырады. Педагог Василий Сухомлинский жазған: «Баланың ақылы оның саусақтарының ұшында тұр». Ал белгілі неміс ғалымы Эмманиул Кант қолдарды бас миының жартылай шарларының көрінетін бөлігі деп атаған. Қол дағдыларын балалармен жұмыс істегенде итальяндық гуманист және педагог Мария Монтессоры табысты пайдаланады. Қазіргі күнгі ғылым қолдардың қозғалмалы импульстары баланың бас миының қабатына жағымды және тіл аймақтарының қалыптасуына әсер ететінін дәлелдеді. Көптеген зерттеулердің барысында саусақ мотриканың және интеллектуалдық дамудың байланысы бекітілді. Қазіргі күнгі аналардың отбасылық қорында қолдардың ұсақ моторикасын дамытатын ойыншықтар аз емес. Оларға баулар, матрешкалар, кубиктар, пазлдар, алып-салмалар, жіктеулер, арнаулы панельдер және әр түрлі конструкторлар. «Бұл баулардың менің баламның тіліне қандай қатысы бар?» - деп кейбір ата-ана таң қалады. Дегенмен бұл ойыншықтар кішкентай баланы сөйлеуге үйретеді деп бірден айтуға болады. Өкінішке орай, қазір бұл барлық дамытатын көрнекіліктер қымбат тұрады, ал баланың толық дамуына жиі ойнау керек. Қиял мен тапқырлық көрсетіңіз! Үйде ыңғайлы материалдар, қайсысынан ғажап ойыншықтар жасауға болатыны, аз емес сірә. Ұсақ моторикасның дамуына арналған ойыншықтарға, ойындарға, жаттығуларға, түрлі тапсырмаларға назар аударатын ата-аналар бірден 2 міндетті шешеді: біріншіден, баланың жалпы интеллектуалдық дамуына жанама әсер етеді; екіншіден, жазу дағдыны игеруіне дайындайды. Болашақта мектеп оқытуының мәселелерінің көбінен құтылуына көмектеседі.