Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
(87182)676300
Мекенжайы: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Жолдағы кедергілер
«Көңілді жарыстар». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Біріншісі бас жақта қатарласып тұрады. Дабыл бойынша жолдағы кедергілерден өтіп, финишке жетуі керек: тізелей отырып кедергілер арасынан өту, аяқ арасына допты қысып өту, гимнастикалық орындықтан өрмелеп өту. Екінші команда да осыларды орындайды. «Поезд». Балалар бір - бірінен ұстап әр түрлі төсеніштермен, текшелердің арасынан өтеді. «Татулы жарыстар». Тапсырманы жұптасып орындайды: бір бала қолымен еденге тіреледі, екінші бала оның аяғыннан ұстап белгілі ара қашықтыққа жүреді; араларына кеуде тұсына шар қысып жүру; екі ойыншы дөңгелек ішінде финалға дейін жүгіреді. «Алғырлар». Залда кедергілер қойылған:секірмелі-доптар, қанаттар, шағын доптар, секіргіштер, аттар. Тәрбиешінің дабылы бойынша балалар түрлі жаттығулар жасап, дабыл бойынша орын ауыстырады.