Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Секіру ойындары
«Қоян мен қасқыр». «Қасқырды» таңдалады. Қалған қатысушылар - «қояндар» болады. Тәрбиешінің дабылы бойынша «қояндар» секіреді, екінші дабыл кезінде қозғалмай, қатып қалады да, ағаш қалпын бейнелейді. Осы кезде «қасқыр» айналып жүріп, қозғалып тұрған адамды іздейді. Ұсталынған адам «қасқыр» болады. «Байланған орамал». Орамалды допқа ұқсатып орап байлайды. Бір ойыншы ортада тұрады, ал қалғандары оны қоршап айналып тұрады. Дабыл бергеннен кейін қатысушылар жан - жаққа жүгіріп, ортадағы ойыншыға ұстатпай, бір - біріне орамалды лақтырады. Ортадағы ойыншы «допты» қағып алуы керек. Орамалдан айырылып қалған ойыншы ортадағымен орын ауыстырады. «Қораздар шайқасы». Бұл ойын үшін алдын - ала мүмкіндігінше үлкен етіп, дөңгелек сызу керек. Қарсыластар бір аяқтап жүріп, дөңгелек ішінен бір - бірін итеріп шығаруы керек. Екінші аяғы жерге тисе, ол ойыншы ұтылған болады. «Тиынды көтер». Алаңның қарама - қарсы жағына бастау сәті және финишті белгілейді. Тиындарды жайып қояды. Дабыл бойыншга жігіттер финишке қарай шабады. Шабыс кезінде тоқтамай, еңкейіп тиынды алады. Тиынды ең көп жинаған ойыншы ұтады. «Қалпақты атып түсір». Ойынға қағаздан бүктелген бөрік те жарайды. Бас киімді 20 қадамдай жерге биіктігі 1 метрдей қазыққа іліп қояды. Ойыншы қолына белбеу алып, секірумен қазыққа дейін барып, белбеумен бас киімді қағып түсіреді. «Ұя». Балалар өз - өздерін «құспын» деп елестетіп зал ішінде «ұшып», «секіріп» жүреді. Тәрбиешінің дабылы бойынша барлық ойыншылар залда жатқан сақинаға келіп «ұяларына» ұшып келіп қонады. «Қоян мен ит». Ойыншылар «итті» таңдайды, қалған ойыншылар «қоян» болады. Бір – бірінен ара қашықтығы 3 метр екі шеңбер орналастырылады. «Иттің» міндеті - бір шеңберден екінші шеңберге секіріп жүрген «қоянды» ұстап алуы қажет. Ұстап алынған «қоян» ит болады. «Қақпан». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда - «орман аңдары» болады, екінші команданың ойыншылары шеңберге айнала тұрып, бір - бірінің қолдарынан ұстап жоғары көтереді. «Аңдар» шуы балалар арасымен өтіп шығады. Шу басылған уақытта балалар қолдарын түсіріп, отыра қалады. Ұсталынған «аңдар» шеңбер болып тұрады. «Шабыс». Балалар жүргізушіні таңдайды, айналып дөңгелене тұрады. Алақандарын шапалақтап, жай шоқырақпен дөңгелене, салт атты бейнесін сала отырып шабады. Жеңімпаз атануы үшін жүргізушінің шеңбердің ортасына тастаған орамалын жүгіріп келе жатып қағып алуы керек. «Балықшылар». Үш «балықшыны» таңдайды, қолдарына сақина беріледі. Қалған балалар - «балықтар» болады, олар жүзіп жүреді. «Балықшылар» былай дейді: Суда балықтар жүзіп жүр, Балықтар асыр салып ойнап жүр, Балақтар, балықтар – тентектер Біз сендерді ұстап аламыз балықтар. Сақинаға бірнеше «балықтар» ұстап алуға тырысады, өздері сосын «балықшылар» атанады. «Түйе мен ботақан». Балалар айнала шеңбер бойына тұрады. «Түйе мен ботақан» - батыры таңдалады. «Түйе» дөңгелекті айналып жүріп, «ботасын» үйге шақырады, бота одан қашып, секіріп жүреді. Балалар түйені дөңгелек ішіне кіргізбеуге тырысады, ботаны қорғайды. Түйе ботасын ұстағаннан кейін, балалар олардың үстінен бір - бірлеп секіреді, ұсталынған балалар батыр атанады.