Хатха-йога арқылы толық дем алу
«Пурака» - денеңді босатып, мұрныңмен ауаны мүмкіндігінше жайлап жұтып, кеудені ауаға толтыру, ауаны ұстамай кәдімгідей мұрын арқылы демді шығару. «Камбхана» - бұл да «Пурака» сияқты, тек демді бірнеше секунд ұзағырақ, қарын бұлшық етіне күш түсірмей, демді ішке ұстамай, мұрын арқылы демді бірқалыпты шығару. «Речака» - «Камбхананы» меңгергеннен кейін мұрын арқылы бірқалыпты демді ішке жұтып, бірнеше секундке демді ішке ұстау; содан кейін үзік - үзік демді шығару; одан кейін керісінше, демді ішке үзік – үзік етіп тарту және демді ауаны мұрын арқылы бірқалыпты шығару.
