Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: г. Павлодар, ул. Академика Сатпаева, 241
(87182)676298
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 9.00 - 18.00 ч
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Мнение

«Бала тәрбиесі-тал бесіктен» Заман талабына сай білім беру жүйесі негізінде жас ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтарға негіздеп тәрбиелеу. Ұлтты ұлт ретінде танытатын үш нәрсе бар: бірі қасиетті Жер Ана, екіншісі –тіл, үшіншісі-қазақтың дәстүрі, ұлттық құндылықтарын қалыптастыру жолы. Осы үш қасиетті бала бойына дарыту, біздің міндетіміз. Қайрымдылық, адалдық, ізеттілік, мейрімділік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіре білу басты парызымыз. Тәрбие адамшылыққа құрылуы керек. Адамшылық негіздері қай қоғамдада өзгермейді, ешбір саясатқа тәуелсіз деген қағиданы үнемі пір тұтамын. Сәулесі әлем төрінен Сәбидің пәк жанды үнінен, Сыр-сезім тасып төгілген. Шұғылалы шалқар көңілден Балауса балғын балаға Тәлім мен тәрбие қасиетін Тал бесіктен бере білейік- деймін Сәбилер бақшасы директоры Ләззат Мырзабайқызы Қожабаева     БОЛАШАҚ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ БЕЙНЕСІ МЕКТЕПАЛДЫ ДАМУЫ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ І – САТЫ 5-6 жас -сабақ үстінде ой-қабілетін және дене бітімінің жұмыс қабілеттілігін арттыру. -кітапқа қызығұшылық білдірү, өлеңдерді жатқа айта алу -көрнекі әсерлі және көрнекі-бейнелі тұрғыдатанымдық міндеттерді шеше алу, ұқсастығы мен ерекшелігін ажырату, түрлі негіздемелер бойынша топтастыруға және жүйелеуге қабілетті болу -геометриалық пішіндердің құрылымдық сипаттамасын білу -мәдени машықтарын жетілдіру -эстетикалық түсінігін қалыптастыру -табиғатта өзін -өзі ұстадың бірнеше нормасын меңгеру -еңбекке деген жағымды қөзқарасын тәрбиелеу -практикалық, танымдық әрекетін дамыту -тіл дыбыстық мәдениетін, сөздік қорын жетілдіру -көркемдік қабылдауын, шығармашылық қабілетін дамыту -қимыл – қозғалысын дамыту -аспаптармен ойнау әдісін, дауысынпйданалу -бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылармен іскерлікті меңгеру -жанды және жансыз табиғат пен қоғамдық өмірдің себеп салдарлық қарапайым байланысын түсіну және сол туралы 2-3 сөйлем айта алу -өз қылығын, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалай алу -көмек сұрай алады, басқа адамдардың тілегін құрметтей біледі ІІ – САТЫ 6-7 жас - сөздерді орынды қолдану, дыбыстарды ажырату, мәнерлеп оқұдың түрлі тәсілдерін пайдалану -антоним, синоним және көп мағыналы сөздерді түсініп, сөйлеу барысында қолдану -мелекеттік тілдің граматикалық дұрыс құрылымдарын қолдану, монолог жасау -эксперименталды іс-әрекетте мақсат койып, нәтижеге жету - оқу әрекетіңдегі элементтерінің қалыптасуы - өз бетімен мінез-құлқын басқару қабілетін жаңа жағдайларда белсенді кіргізу -қоршаған ортаның түрлілігін, өсімдіктер мен жануарлардың белгілері мен қасиеттерін, тіршілік ортасымен өзара байланысын түсіну - жеткілікті дәрежеде танымды іс-әрекеттері, ойлау қабілеттері дамуы - оқу және практикалық мақсаттарды шешуде өз білімін қолдана білу - қоршаған адамдармен керекті қарым-қатынас кезінде өз білімі мен машықтарын калыптастыру - жеке адам мәдениетінің негізін калыптастыру - эстетикалық қабылдауының дамуы -түрлі музыкалық шығармашылық істерге қатысу -бейненің сипатына сәйкес техникалық тәсілдер мен бейнелеу құралдарын өздігінен таңдау -этикалық нормалар мен өзінің және басқа халықтардың құндылығын игеру, эмпатия мен төзімділігін білдіру -әлеуметтік әлемде өзара байланысты меңгереді, қатынастық іскерліктің жоғары деңгейін көрсете біледі МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ СӘБИЛЕРДІҢ ДАМУЫ І - 3 -дене қимылдарының (жүгіру, өрмелеу, секіруде алғашқы дағдыларының) дамуы -сенсорлық түрлерінің дамуы -өзіне -өзі қызмет көрсету машықтарының дамуы -музыкалық – сенсорлық түрлерінің дамуы -тілдік қарым-қатынасының дамуы, саусақ ойындарын, такпактарды жатқа айту -көркемдік қабылдауын дамыту, халық ауыз әдебиеті шығармаларына эмоционалды түрде өз ойын білдіру -көркемдік машықтарға үйрету - ересектермен бірге ән айтуға ықылас білдіру -жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгеру -қарындаш, гуашь және ермексазбен ұқсас бейнелерді салу, жасау -жануарлар әлеміне тілектестік және қамқорлықпен қарым-қатынас білдіру -ересектердің көрсетуімен қарапайым құрылыстарды жасай алу -ықыластық,тілектестік жақын адамдары мен құрдастарына жанашарлық білдіру -өзін ұстау ережелерін, нормаларын түсінеді, сәлемдесу және қоштасу,алғыс сөздерін айтады -«жақсы» мен «жаманды» түсіне бастау 3 – 4 -естудің қалыптасуы, дамуы -тілдің дыбыстық мәдениетін дамуы -дене бітімінің және қимыл белсенділігін дамуы -өзіне-өзі қызмет көрсетуін дамыту -көркемдік қабылдауын, қабілетін дамыту -практикалық машықтарын қалыптастыру -ересектермен бірге өсімдіктермен жануарларға қамқорлық жасау -балалардың денсаулығының нығайуы -гигиеналық шараларды орындау ретін білу - музыкалық фразаның жоғары және төмен дыбысталуын ажырата алу - қарындаш, гуашь, фломастер, табиғи заттармен және ермексазбен ұқсас бейнелерді салу, жасау -тура және кері сандық қатынас ретін білу -құрдастарымен бірге тұрақты ойын бірлестіктеріне қатысу, ересектермен танымдық тақырыптарда әңгімелесе білу -адамгершілік қатынасты бағдарлау, көңіл күйді түсіну ТӨМЕНДЕГІ БАҒДАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ 1. ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ. 2. «БАЛБӨБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ 3. «ЗЕРЕК БАЛА» , мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту БАҒДАРЛАМАСЫ 4. «АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» , мектепке дейінгі ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту БАҒДАРЛАМАСЫ 5. «БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» , мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту БАҒДАРЛАМАСЫ