Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
(87182)676300
Мекенжайы: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл

Тәуелсіздік - барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық.

                                                                                                         Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні— тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егемендіел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанындааталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында ел өміріндегі белсенді, елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Тарихы

1991 жылы КСРОыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы16-желтоқсандаҚазақстанның Жоғарғы Кеңесі“Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы25-қазандақабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттарымойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбританиямойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Кореяжәне Иран Ислам мемлекетімойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркияалғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

 

Қазақ – отаншыл халық. Қазақтың отаншыл жүрегі – өрлік пен намысқа, ерлік пен жауынгерлікке толы, «Құлқынның құлы болма, отанның ұлы бол», - деп айтуы осыдан. Отан – табиғи, тарихи, әлеуметтік, саяси, мәдени орта, адам баласының тіршілігінің негізі. Әр халықтың өз Отанын сүюі - заңдылық. Қазақ халқының Отаны, туып-өскен, кіндік қаны тамған басқа қазақстандықтардың Отаны - Қазақстан. Оның үстіне Қазақстан – қазақ халқының ата мекені. Ұлттық патриотизммен Қазақстанды өз Отаны санаған басқа ұлт өкілдерінің патриотизмі бір арнаға қосылып, бүкіл қазақстандық патриотизмді құрайды. Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік біздің халыққа тегін келмеді. Талай ұрпақ зар жылап, жапа шекті, өмірлері өксікпен өтті. Тәуелсіз Қазақстан...Қандай ұлы ұғым. Жаныңды жадыратып, көңіліңді көтереді. Отансүйгіш ұрпақ сол тәуелсіздікті баянды етуге қызмет етуі керек. Тәуелсіздік, шын мәнінде, ауқымды да терең құбылыс. Ол ең алдымен саяси тәуелсіздік.