Сенім телефоны
(87182)676300
email:
Мекенжайы: Павлодар қ., Академик Сатпаев көшесі, 241
(87182)676298
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сағат 7.00 - 19.00
Балабақша жұмысының 2017-2018 оқу жылы бойынша бағыт-бағдары

«Үштілдік құзіреттілік негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік - тілдік дағдыларын арттыру»

Мақсаты: балалардың ана тілімен қоса орыс, ағылшын тілдерінде сөздік қорын дамыту, монолог және диалогты сөйлеудің екі түрін пайдаланып оқылған шығарманы үш тілде қарапайым түрінде мазұндауға үйрету, сөздің грамматикалық формасының қалыптасып дамуына қолайлы жағдайлар туғызу.

Жұмыс бағыты

Жуық кезеңге міндеттер

Білім саласы бойынша оқу жұмысы

«Әлеумет»

Өзін-өзі тану

Қоршаған ортамен танысу

Экология негіздері

 

Әртүрлі іс-әрекетте баланың өзінің ашылуына жағдай жасау.

Жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту.

Қазақстанның халық ауыз әдебиеті шығармашылығын қолдану арқылы Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті, ересектерге деген құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Өзінің енбегіне, басқа адамдардың еңбегі, оның қоғамдық өміріндегі рөлі туралы, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастармен және ересектермен өзара қарым-қатынастары туралы білімдерін кеңейту.

 

« Коммуникация»

Сөйлеуді дамыту

Көркем әдебиет

Сауат ашу негіздері

Ағылшын тілі

Орыс тілі

Драма

Қарым-қатынастың коммуникативтік дағдыларын және тыңдау мәдениетін қалыптастыру.

Тілдің сөздік қорларын,грамматикалық құрылымына, сөзді дыбыстау мәдениетіне және байланыстырып сөйлеуге уйрету.

Ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

Театрландырылған әрекеттің түрлі жұмыс тәсілдерін меңгерту.

Сауат ашудың алғы шарты ретінде дыбыстық талдау-синтетикалық белсенділікті қалыптастыру.

 

« Таным»

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Сенсорика

Құрастыру

Жаратылыстану

 

 

Сенсорлық қабілеттерін, алғашқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін дамыту.

Табиғатта өзін ұстай білу ережелерімен және қарапайым өзара байланыспен таныстыру.

Эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой-өрістерін кеңейту.

Балалардың қызығушылығын, білімге құштарлығын және танымдық ынтасын дамыту.

 

«Денсаулық»

Дене шынықтыру

Қауіпсіз-мінез құлық негіздері

Балалардың қимыл әрекеттерін түрлі нысандарында қимылдарды дұрыс орындау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына жаттықтыру.

 

«Шығармашылық»

Сурет салу

Мүсіндеу

Аппликация

Музыка

 

Балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаға эстетикалық қызығушылығын арттыру.

Өнер түрлерінің қарапайым ұғымдарын, музыка, көркем әдебиеттерді, фольклорды қабылдауды қалыптастыру.

Қарапайым заттар, құбылыстар,ертегі кейіпкерлерін бейнелеуде біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.