В Государственной программе развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы особое внимание уделено обеспечению полного охвата пятилетних-шести-семилетних детей предшкольной подготовкой. Основная цель предшкольной подготовки - общее, интеллектуальное, физическое развитие детей 5-6-7 лет, обеспечение их готовности к усвоению знаний, формирование у ребенка личностных качеств для овладения учебной деятельностью. Сделано немало, но еще больше предстоит сделать, чтобы создать детям равные стартовые условия на самом начальном этапе.
Предшкольная подготовка пяти-шести-семилетних детей осуществляется в семье, предшкольных группах дошкольной организации или предшкольных классах, мини-центрах общеобразовательных школ, лицеев и гимназий в рамках общеобразовательной программы.
Балаларды сыныптарда (топтарда) оқыту мен тәрбиелеудің мектепалды даярлығын ұйымдастыру туралы
Нұсқау хат
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бес-алты-жеті жастағы балалардың мектепалды дайындықпен толық қамтылуын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Мектепалды дайындықтың негізгі мақсаты – 5-6-7 жасар балаларды жалпы, интеллектуалды, физикалық дамыту, олардың білімді игеру дайындығын қамтамасыз ету, оқу іс-әрекетін меңгеруі үшін баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Балаларға алғашқы кезеңде теңдей бастапқы жағдайлар жасау үшін атқарылған жұмыстар аз емес және атқарылатыны әлі де көп.
Бес-алты-жеті жастағы балалардың мектепалды даярлығы жалпы білім беру бағдарламасының аясында отбасыда, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды топтарында немесе мектепалды сыныптарында, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың шағын-орталықтарында жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні республикадағы мектепалды сыныптары бар мектепке дейінгі ұйымдардың саны – 1063 құрап отыр, ондағы мектепалды дайындық топтары - 3420, ондағы балалар саны – 89 754. Мектепалды сыныптары бар жалпы білім беретін мектептердің саны – 6563, ондағы сыныптар саны – 9811, балалар саны – 145 357 адам. Мектепалды дайындықпен барлығы 235 102 бала қамтылған, ол 5-7 жастағы барлық балалар санының 72%-ын құрайды, оның ішінде қалалық жерде - 75%, ауылдық жерде - 68%.
Мектепалды дайындықты ұйымдастырудың көпнұсқалылығы балалардың мектепке дайындық деңгейімен қамтамасыз етіледі және мыналармен сипатталады:
- оқуға ынталандыру;
- қоршаған болмыс туралы алғашқы пайымдар;
- өз-өзіне және мектепке деген позитивті қарым-қатынас;
- оқуға қабілеттілігі (тіл дамыту, қарапайым есеп және т.б.);
- қарапайым әлеуметтік дағдылардың болуы.
Бүгінгі күні мектепалды дайындық топтары мен сыныптарында ойын іс-әрекетінің жетекші рөл сақталып отыр. Арнайы ұйымдастырылған сабақтарда әр түрлі ойын түрлері кеңінен қолданылады (дидактикалық, ұлттық, қозғалыс, сюжетті-рөлдік, ережелі және т.б.). Ойындар тәрбиешінің балалармен және балалардың бір-бірімен еркін ынтымақтастығына негізделеді, баланың жеке белсенділігін көрсетуіне, өзін толық іске асыруына мүмкіндік беретін бала өмірін ұйымдастырудың негізгі нысанына айналады.
Мектепалды сыныптар мен топтардың және ойын учаскелерінің ғимараттарын заттық-кеңістіктік ұйымдастыру балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес болуы, ал оның элементтері (құрал-жабдықтар, ойындар, ойыншықтар, дидактикалық материалдар және басқалар) әрбір баланың жеке дамуына бағдарлануы тиіс. Ендеше, заттық-кеңістіктік орта оқу-тәрбие процесінің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беруі қажет.
Топтық ғимараттардың бағдары сурет салу, мүсіндеу, құрастыру және т.б. арналған құралдар мен материалдарға, ойыншықтар мен ойындарға еркін қол жетуді қамтамасыз ету қажет.
Жабдықталу (жиһаз және ойын кеңістігі) балалардың шектелмеген қозғалыс белсенділігінің мүмкіндігін қарастырып, баланың құрбыларымен бірлескен іс-әрекетке, сондай-ақ оңаша қалуға деген қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Топта сабаққа арналған мынадай бұрыштарды ұйымдастыру қажет: ұлттық ойындар, бейнелеу және сындарлы іс-әрекет, оңашалану, кітап, табиғат және т.б бұрыштар. Берілген бұрыштардың тақырыбы мен экспозициясы ұдайы жаңартылып, толықтырылып отыруы тиіс.
Дамытушы заттық орта мынандай психологиялық-педагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті:
- баланың психикалық даму деңгейі мен жас ерекшелігіне сәйкестігі;
- жүйелілігі және көпқызметтілігі;
- трансформациялану мүмкіндігі;
- мазмұны және функционалдық міндеттерінің вариативтілігі;
Тәрбиеші баланың отбасы туралы толық ақпарат алу мақсатында, мынадай әдістерді қолдана отырып, ата-аналармен жұмыс жүргізуі қажет: сауалнама, балалармен және ата-аналармен әңгімелесу, балаларды бақылау, отбасы мүшелері, олардың өзара қарым-қатынасы, міндеттері туралы және т.б. тақырыптар бойынша балалардың салған суреттеріне талдау жасау.
Көрнекі ақпарат ретінде ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы мағлұматтар, педагогикалық және медициналық кеңестер беретін, балалардың табыстарымен, жетістіктерімен таныстыратын «Ата-аналар бұрышы» қызмет көрсете алады.
Ата-аналармен жұмысты екі түрде: ауызша және жазбаша өткізген жөн. Тек ауызша түрде қарым-қатынас жасау көп уақытты қажет етеді, сонымен қатар ата-аналар ұсыныстарды үнемі есінде сақтап, жүйелі түрде орындай бермейді. Жазбаша түрде берілген ұсыныстарды ата-аналар ой елегінен өткізіп, басшылыққа ала алады. Оларды тек аталған іс-әрекеттерді нақты және дәйекті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаднамамен қаруландыру, іс-әрекеттің белгілі алгоритмін ұсыну және осындай жұмыстың пайдалылығы мен қажеттілігіне сендіру қажет.
Ата-аналармен тығыз ынтымақтастық үшін оларды сабақтарға қатысуға тартып, жеке және топтық әңгімелер, дәстүрлі ашық есік күндерін, жас ата-аналарға арналған практикумдер, ата-аналар жиналыстарын (тоқсанынына 1 рет), конференциялар (оқу жылында 1 рет), мерекелік шаралар мен ойын-сауық кештерін, отбасылық спорттық жарыстар жүргізу қажет. Мүмкіндігінше ата-аналарды психологиялық қолдау бөлмесін ұйымдастыру ұсынылады.
Мектепалды сыныптары мен топтарындағы педагогтың балалармен өзара қарым-қатынасы бала тұлғасының қалыптасуына көмек беру мақсатындағы жеке тұлғаға бағдарланған қарым-қатынас үлгісіне сәйкес құрылуы тиіс. Тәрбиешілер, баланың даралығын шектемей, балалардың бір-бірімен өзара достық, ұстамды қарым-қатынастарын орнатуына қолғабыс жасап, балалар өздерін жеңіл және еркін сезінетін ыңғайлы моральды-психологиялық жағдай туғызукерек.
Балалардың жеке қабілеттеріне сүйене отырып, өмірлік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және дамыту мақсаты көзделеді. Ол үшін мынадай жұмыс нысандарын пайдалану қажет:
- сабақты шағын топтарда жүргізу;
- әрбір баламен жеке жұмыс жүргізу;
- ұйымдастырылмаған және дарынды балалармен жұмыс жүргізу;
- өзінің пікірін білдіру, өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеу үшін жағдайлар жасау мақсатында баламен әңгіме жүргізу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеттеріне қатаң шек қоюдан бас тарту;
- педагогтар мен балалар арасында өзара серіктестік қарым-қатынастарды құру.
Мектепалды дайындық топтарында оқытуды мынадай бағыттар бойынша жүргізу қажет:
1) Қазақ тілі (аптасына 3 сағаттан, барлығы - 96 сағат). Қазақ тілін мектепке дейінгі жастан бастап оқыту қазіргі уақыт талабы болып табылады. Орыс тілінде білім беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының алдында мектеп жасына дейінгі балаларда қазақ тілінде қарым-қатынас жасаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру міндеті тұр.
2) Тіл дамыту (аптасына 1 сағаттан, барлығы - 32 сағат). Яғни, ана тілінде ауызекі тілдесуге қажетті дағдыларын, сөйлеу этикетінің негіздерін меңгеру, диалог және монолог тілін жетілдіру, балалар әдебиеті және фольклорлық шығармалардың мазмұнын мәнерлі, дәйекті және байланыстыра жеткізу білуін қалыптастыру.
3) Көркем әдебиет (аптасына 1сағаттан, барлығы-32 сағат). Ұлттық және әлем әдебиеттеріне қызығушылығын қалыптастыру, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне адамгершілік тұрғыда баға беру білігін дамыту, көркем шығармалар бейнелерінің сипатын түсіну, олардың шынайы өмірмен өзара байланысын ұғыну, белгілі тақырыпқа өзіндік ертегі сюжеттері мен әңгімелерін құрастыруға жағдайлар жасау қажет.
4) Сауат ашу мен жазуға оқытуға дайындық (аптасына 1,5 сағаттан, барлығы-48 сағат) түрлі дыбыстық құрылымдағы сөздерге талдау жасау, тіл дыбыстарын сапалы сипаттау, сөздердегі екпінді буынды анықтау білігін қалыптастыру, сондай-ақ қолды жазуға дайындау бойынша арнайы жаттығулар кешенін өткізу арқылы жүргізіледі.
5) Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру (аптасына 1,5 сағаттан, барлығы-48сағат) сандар тілінің көмегімен қоршаған дүниені қабылдау, абстрактлы ойлау элементтерін, кеңістік және уақытты бағдарлауды дамыту арқылы жүзеге асырылады.
6) Қоршаған дүниемен танысу, экология негіздері (аптасына 1,5 сағаттан, барлығы-48 сағат) балаларды заттық ортамен, қоғамдық өмір құбылыстарымен, ересектер еңбегімен, әлем халықтарының мәдениетімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихы және мәдениетімен таныстыру, балалардың бір-бірімен және үлкендермен өзара қарым-қатынас деңгейін анықтайтын адамгершілік-эстетикалық пайымдарын кеңейту арқылы жүргізіледі.
7) Дене шынықтыру (аптасына 3 сағат, барлығы-96 сағат). Сабақтарда қозғалыс біліктерін, дағдыларын және дене сапаларын дамыту, қозғалыстың негізгі түрлерін (жүру, жүгіру, секіру) қалыптастыру, түрлі қозғалыс іс-әрекеттеріне белсенді қатысуға қызығушылығын ояту, тұлғаның игі адамгершілік-жігерлік сипаттарын, дербестігін, белсенділігін, бастамашылдығын тәрбиелеу жүргізіледі.
8) Бейнелеу өнері (аптасына 4 сағат, барлығы-128 сағат). Сабақтарда бейнелеу іс-әрекетіне, қиялға, эстетикалық талғам мен қажеттіліктерге деген қызығушылықтары дамиды, бейнелеу іс-әрекеті сабақтарына қажетті дағдылар мен біліктер игеріледі.
9) Құрастыру және қол еңбегі (аптасына 1 сағаттан, барлығы-32 сағат). Құрастыру сабақтарында заттарды бір-бірімен салыстыру, заттардың ортақ және ерекше тұстарын бөліп көрсету біліктері қалыптастырылады, белгілі сындарлы біліктер мен дағдыларды меңгеру, сурет, сұлба, сызбалармен бағдарлану жүзеге асады. Қол еңбегінде - еңбекке деген сүйіспеншілік пен қызығушылық тәрбиеленеді, сенсорлық және ақыл-ой қабілеттері, қарапайым еңбек құралдарын қолдану дағдылары дамытылады.
10) Музыка (аптасына 2 сағат, барлығы 64 сағат). Музыкалық талғам, өнер шығармаларына баға беру қарым-қатынасы, эмоциялық ықыласы қалыптастырылады, сенсорлық дағдылар бекітіледі, халық музыкасына деген сүйіспеншілік тәрбиеленеді, музыкалық-ритмикалық қимылдар игеріледі.
11) Валеология негіздері (аптасына 1 сағаттан, барлығы-32 сағат) денсаулық үшін оңтайлы жағдайларда оқу, тұрмыстық және өзге де қызметтер, балада өз іс-әрекеттерін салауатты өмір салтының ережелері мен нормаларына сәйкес іске асыру бағдары қалыптастырылады.
Мектепалды дайындық балалары бескүндік тәртіпте оқуы тиіс. Сабақтар сағат 9.00-де басталады. Сабақтардың ұзақтығы – 25-30 минут. Сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 минуттан кем болмайды.
Мектепалды дайындық сыныптары мен топтарының іс-әрекеттерін қамтамасыз ету үшін мынадай құжаттар басшылыққа алынады:
1) «Мектепке дейінгі ұйымдары іс-әрекеттерінің Типтік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы №1353 қаулысы;
2) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын «Негізгі ережелер. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 19 қыркүйектегі №739 бұйрығы;
3) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасы мазмұнының базалық минимумы» бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 14 мамырдағы №410 бұйрығы;
4) «Білім туралы» ҚР Заңы 4.т, 23-бабы - бес-алты жастағы балаларды міндетті тегін мектепалды дайындау туралы.
