Денсаулық сақтау жолдары.
Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға,тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. бағытталған.
Толық қанды физикалық жетілген және дені сау мықты баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ананың және мектепке дейінгі мекеменің басты мақсаты
Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі.
Сондықтан, балалардың дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыра отырып, салауатты өмір сүрудің құндылығына, қажеттілігіне баланың көзін жеткізіп, оны іске асыру жолдарын көрсетіп, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек.
«Баланың саулығын сақтау» жөніндегі ақыл кеңестерді денсаулықты сақтауға үйрететін толық құрал ретінде қарауға болмайды.
Әйткенмен, осында айтылған шараларды орындап тұрса, жас буынның тазалықты сақтап, бойларын күтуіне едәуір себеп болар еді деген ойдамыз.
«Ауырып – ем іздегенше, ауырмайтын – жол іздейік.»
Денсаулық кепілі дене шынықтыру жаттығуларының жүйелі сабақтарымен ғана дамиды. Мектепке дейінгі жаста адамның денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, сабаққа қызығушылығы және баланың қабілеттері ашыла бастайды. Кіші мектепке дейінгі жас топтарында әртүрлі сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылуы арқылы біз өзіміздің дене шынықтыру - сауықтыру және профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде дамытып келеміз. Баланың денсаулығын нығайтуда біздің балабақшада: дене шынықтыру залы, дене шынықтыруға қажетті жабдықтар бар. Топтарда өзіндік массажға әртүрлі денсаулық жолдары, спорттық жабдықтар, ойынға арналған көрнекіліктер, жаттығу картотекасы және ойын массажының картотекасы бар. Денсаулықты нығайтуда жүйелі технологиялар баламен жұмыста дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларымен болады. Ауруларды алдын-алу жұмыстарында біз ұйқыдан соң сауықтыру жаттығуларын, тыныс алу жаттығуларын өткіземіз. Жас ерекшелігіне байланысты жаттығу түрлерінің кешені ойластырылды және олар күрделі түрде топтастырылды. Шынықтыру жаттығуларын өткізбес бұрын, олардың жас ерекшеліктері мен дене дамуы ескеріледі. Мектепке дейінгі балалардың жасында дене шынықтырудың қалыптасуы оқу-тәрбие үрдісінде қоршаған ортаны танып білуде, жолдастарына және өзіне деген оң көзқарастық орнатады.
Денсаулықты нығайту бөлмені желдетуден басталады. Ауа балалардың шынығуының ең қолайлы тәсілі. Бөлмеде ауаның температурасы +18, +20 градус болу керек. Ауарайы салқын болғанда күніне 3-4 рет желдетіледі. Жазда терезені көбіне ашық ұстау керек. Балалар жыл мезгіліне сай киініп отырады.
Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде пайдалану-бала бойында өзгерістегі жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни оның ағзасын шынықтырады. Шыныққан баланың тәбеті жақсы, белсенді, салмақты, көңілді болып жүреді. Суға шомылудың адам ағзасына тигізетін пайдасы көп. Ал күнге қыздырыну-адам ағзасы үшін аса қажетті табиғи құрал. Таңертеңгі қабылдаудан кейін ертеңгілік жаттығулар жасатылып отырады. Таңертеңгі бой жазу немесе спорт жаттығуларын мүмкіндігінше далада өткізген жөн. Себебі, ағзаны шынықтыруға ең алдымен таза ауа керек. Балалар екімезгіл серуенге, таза ауаға шығарылады. Қыс мезгілінде ауарайына сай серуенге шығарылады. Серуен кезінде бала таза ауамен тыныстайды, күнге қыздырынады. Ұйқыдан кейін балаларға тыныс алу жаттығулары жасалып, массаж жүргізіледі. Тыныс алу жүйесі жетілмеген баланың ағзасы әлсіз, тез шаршағыш келеді. Балаларға тыныс алу жаттығуларын үнемі орындатып отыру керекДене шынықтыруды нығайтуды оқыту технологиясы баланың жинақтылығын, зейінін, ойлау белсенділігін және есте сақтау қабілетін қажет етеді.Дене шынықтыруды нығайту үрдісінде балалардың ойлау қабілеттерін , рухани эстетикалық талғамдарын, өз денсаулығын, алға қойған мақсаттарын, ұйымдастырушылық және ақкөңілдік қасиеттері қалыптасады. Балалардың барлығы тәрбие үрдісінде денсаулықтарын нығайтуға және жеке жан-жақты дамуына үлесін қосады.
Әрбір таң жаттығулардан басталады. Бұл жаттығулар гигиеналық мақсаттар үшін жүргізіледі: ағзаны ұйқыдан, ұйқылы күйден ояту.
Таңертеңгілік гимнастикаға арналған киім жеңіл, табиғи материалдан тігілген болу, аяқтарында ыңғайлы аяқ киім немесе шұлық болуы керек. Жалпақ аяқ та жаттығуға болады.
Таңертеңгілік гимнастикаға мекпеп жасында дейінгі балалардың тірек-қимыл аппараты қызметі мен құрылысына сәйкес, балаларға жеңіл жаттығулар таңдалынып алынады. Жаттығулар балалардың игеруіне көп күш-қайрат жұмсайтындай, қарапайым болуы қажет. Егер бала үшін қимыл қиын болса, онда ол қимылды жақсы орындай алмайды.
Балабақшаларда жаңа жаттығулар денешынықтыру сабақтарында үйретіледі. Ал жағдайында жаттығуда алдымен үйреніп алып, содан кейін ғана қажетті темппен орындау керек. Егер жаттығулар кешені балаға жақсы таныс болса, онда музыкамен өткізуге болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға оңға, солға, жартылай оңға, жартылай солға бұрылу, кері бұрылуды үйрету ұсынылады.
Жаттығулар әр түрлі бұлшық еттер топтарына арналған болуы тиіс.
Мұндай жаттығулар баланы шаршатпайды, өйткені кейбір бұлшық еттер жұмыс істеп жатқанда кейбіреулері демалыс күйде болады.
Жаттығулардың бірінші тобы қол мен иық бұлшық еттерін нығайтуға бағытталған.
Таңғы жаттығулар жүйесіне бірнеше еліктеуіш жаттығулар кіргізілген, мысалы: «Мысық арқасын бүгіп жатыр», «Тырна суда жүріп бара жатыр», «Түлкі ақырын аяғын басып келеді», «Цирктегі ат», «Ұшып бара жатқан құс». Таңғы жаттығулар жүйесі кинезиологиялық («Көздер», «Тіл», «Басты айналдыру», «Мақұлдау») және тыныс алу жаттығуларымен («Әтеш», «Сағаттар», «Қаздар ұшып барады», «Құлақтар», «Қарды үрлейік», «Самал жел») толықтырылған.
|
І жаттығу |
Сымбатты түзету жаттығулары
Алты жаста тірек – қозғалыс аппараты қалыптасуын жалғастырады. Бұл үрдістің нәтижесі сымбат болып табылады. Мүсін - бұл адамның өсу және даму барысындағы қалыпты жағдай, ол дененің қозғалысты және қозғалыссыз жағдайында еріксіз жүзеге асады. Әсіресе омыртқа жотасын ұстауда маңызды арқаның ұсақ бұлшық еттері дамуы әлсіздеу. Сондықтан сабақ кезіндегі дене қалпы дұрыс болмауы тірек – қимыл аппаратының бұзылуына әкеледі.гигиеналық норманы сақтамау, денені ұстау қалпы, дене жүктемелерінің жасына сай болмауы, мүсіннің бұзылуына әкеп соқтырады. Олар мойын омыртқасы, бел және кеуде омыртқасы майысуының шектен тыс немесе болмауы арқылы көруге болады. Байыпты ауытқушылық сколиоз, онда омыртқаның майысуы жылжып кетуімен , қисаюы және омыртқа деформациялануымен қатар келеді.Мүсіннің кемшілігін емдегеннен гөрі ескерткен жеңілдірек болады. Мүсін бұзылуының алдын алу екі бағытта жүзеге асады - гигеналық жағдайды жасау оңтайлы және тәрбие жұмысын жүргізген дұрыс болады.

Мектепке дейінгі балаларға арналған май табанның алдын алу жаттығулары
Табанның дамуы жылдам өтеді. Табанның дұрыс сәйкестігі баланың жынысы мен жас ерекшелігіне байланысты болады. Баланың сәл ауырлықтың әсерінен және жүріс пен тұрыстан кейін айтқан аяғының ауырды деген шағымына үлкендер назар аударып, сақтанғаны жөн.
Май табанның болмауы үшін берілген жаттығуларды, отырып та, тұрып та орындауға болады.
1.Табанды сылау
Орындықта отырып, аяқты созамыз, оң аяқтың табанын сол аяқтың үштен бір бөлігіне қойып, белсенді уқалаймыз. Кезекпен аяқты ауыстырып, уқалаймыз.
3. Аяқтың ұшы мен өкшені кезекпен көтеру.
4. Аяқтың ұшы мен өкшені жаю.
5. Жағажайда
Балалар жағажайда аяқтарының саусақтарымен құмды ұстағандай көрсетеді.
6. Дөңгелекті сал
Балалар дөңгелек қозғалысты бір жақтан екінші жаққа аяқтың үлкен саусағымен орындайды
7. А) Құтан
Тұрып. Аяқтың ұшымен жүру, арқа түзу
Б) Тышқандар
Аяқ ұшымен тышқан жүреді. Мысық естімес бізді дейді
8. Піл
Тұрып. Өкшемен жүру. Аяқтың ұшы ішке бұрулы. Денені түзу ұстаған жөн, демді іште ұстамай, дем алу.
9. Мысық
А) Мысық ұрланып кіреді. Аяқ ұшымен жүру
Б) Мысық жүгіреді. Аяқ ұшымен жүгіру
В) Мысық секіріп, көбелекті ұстайды. Жәй секіру, түгел табанмен жерге түсу.
10. Қонжық
Тұрып. Табанның сыртымен жүру, сосын ішкімен. Қолымыз белімізде.
Тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу дегеніміз — мүшелер қызметінің тіршілігін реттейтін, ағзаның негізгі тіршілік көзі екені әлі де жеке адамның толық түсіне қоймаған мәселесі.
Біздің ағзамызда патологиялық және функциялық өзгерістер болған кезде, тіпті көңіл-күйдің кенет өзгерген кезінде де, ең әуелі тыныс алу жүйесі өзінің мінездік сипатын өзгертеді. Бірде қан қысымының жоғарылауы, бірде төмендеуі, немесе кенеттен ентігу де пайда болады. Осы кезде кез келген адам ауа кеңістігіне шыққысы келеді, немесе басқа жерде отырып тыныс алғысы келеді. Мұның барлығы да екінші бір сигнал (хабар беру) жүйелері арқылы ми қорытындысын тітіркендіруден туған ағзаның әр түрлі өзгерістерінің нәтижесі.
Тыныс алу жаттығулары — ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартуды көздейді. Ұзаққа созылған созылмалы науқастардың (тыныс демікпесі, созылмалы бронхит, демікпе, өкпенің қабынуы, т.б.) тыныс мүшелерінен басқа да көптеген ас қорыту мүшелері мен қан айналымдары және жүйке жүйелерінің жұмыс істеу қызметтерінің бұзылуын орнына келтіретін негізгі емделу құралы. Тыныс алу жаттығуларының негізгі мақсаты — онымен үзбей шұғылдану, осы аталған науқастардың алдын алады, ұзақ өмір сүрудың негізін қалайды.
Тыныс алу жаттығуларының негізгі құралы — ағзаның тыныштық қалпындағы орындалатын және қозғалыста орындалатын жаттығулар.
Тыныс алу жаттығуларының қолданылуы, адамның өзін-өзі емдеу мақсатында болғандықтан, жалпы жаттығулардың орындалуы ағзаның қозғалуына негізделген. Мұны қолданбалы жаттығулар деп атайды. Бұл қозғалыс жаттығулары жүру мен жүгіруге негізделген. Шаңғы тебудегі жүрісте осыған негізделген. Әр адам өзінің шамашарқына, яғни, ауруының қаншалықты созылмалы жағдайына қарай қолданылады.
Осылайша, тыныс алу жаттығулары бірінші жүруден басталады. Алғашқы кезде жайлап жүріп, содан кейін жүріс қозғалысы үдетіледі. Үдемелі жүрістің өзінен де тыныс алу мүшелеріне жүктеме түседі. Бірақ, бұл жүктеменің өзі де науқастың қандай деңгейде екеніне байланысты. Бұдан ары қарай жүгіруді бастауға болады.
Жүгіру — ағзаның барлық мүшесі жұмыс істегені өз алдына, негізгі жүктеме тыныс алу органдарына түседі. Жүгірген кезде, яғни, тыныс алу органдарына жүктеме түскен кезде бүкіл ағза жұмыс істегендіктен, ең әуелі қан айналысы жүйесі реттеледі.
Майтабан - туа біткен ауру, ата-тегінде болуы мүмкін дейді, бірақ өсе келе пайда болуы да мүмкін дейді. Емі жалаң аяқ жүру.
Бала майтабан бар ма екендігін қалай білуге болады? Балаңыздан жалаңаяқ еденде әртүрлі бағытта жүруін сұраңыз, оның аяғын әртүрлі жағынан көру үшін. Табанның ішкі жағына және олардың тығыздалуына ерекше көңіл бөліңіз .

Май табанды келесі әдіспен де анықтауға болады. Ніл ерітіндісінде суланған мақта немесе щеткамен баланың табанын сүртіңіз, одан кейін баланы таза қағазға тұрғызыңыз. Ізін суретпен салыстырыңыз. Осындай іздер арқылы сіз емделудің тиімділігін бақылай аласыз.
