Ардақты ата-аналар арнайы үшін
Баланың тілдік белсенділігі
Педагогикалық кеңес
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатынын ескере отырып, біз құрметті ата-аналар сіздер ушін келесі кеңес ұсынамыз.
Білім беру жүйесінде жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің алғашқы сатысының негізі жарты ғасырлық тарихы бола тұра, бүгінгі таңда отбасылық тәрбие мен мектепалды дайындықтың түрі ретінде қоғам қажеттілігіне айналды.
Қазіргі кезеңде әр түрлі әлеуметтік институттар мен ата-аналар және жалпы білім беретін мекемелердің алдындағы мақсат көптілді ортаның әсерін ескере отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың әлеуметтенуіне лайықты, жаңа стратегиялық көзқарастардың міндеттерін жетілдіру. Өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруі оқытудың көп функциональды түрін қажет етеді. Тіл меңгеруде жеткіншек қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен ғана танысып қоймай, оны мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі кезең - оқытудың жоғары деңгейі, жаңа білімдерді қабылдағыштығы, танымдық белсенділіктерінің ерекшеліктері болып табылатын баланың сензетивті даму кезеңі болып табылады. Бала туғаннан кейін жер бетінде бар 3000 тілдерді қабылдайтын есту мүшелері ашық болады. Әрі қарай бұл мүшелері жабылады, өйткені бала тек өз анасы сөйлейтін тілді ғана естиді. Ғалымдардың есептеуінше, бұл физиологиялық ерекшеліктерді дамыту қажет, сондықтан ерте жастан бастап мақсатты түрде бірнеше тіл үйретілуі тиіс.Неғұрлым баланың жасы кіші болса, соғұрлым ол екінші тілді жоғары көлемде дұрыс айтылуымен оңай меңгереді. Қателіктерге бой алдырып күлкіге қалудан сескену сияқты психологиялық кедергілерге ұшырайтын ересектерге қарағанда сәбилер тілді жылдам меңгереді.
Тұрақты себеп-салдар, бірнеше қайталаулар, тілді меңгеруде қарапайымнан күрделіге біртіндеп көшу, педагогтердің табандылығы мен назары, тілдік және полимәдениеттік базисін қалыптастыруға көмектеседі.
Тілді жеке және топпен оқыту жалықтырмайтындай болуы қажет, сондай-ақ тілдік ойлау әрекеттерін белсендіретін музыкалы-ырғақты, қозғалыс ойындары, шығармашылық тапсырмалар енгізілуі тиіс.
Қазақ тілін оқып-үйрену мен әлеуметтік-перцептивтік, когнитивтік, тілдік және жалпы дамудағы жетістіктерге жетудің маңызды шарты - ата-аналармен, әлеуметтік ортамен тығыз байланыс орнату. Эмоциональдық-ерікті ортаны пайдалану мемлекеттік тілге деген қызығушылықты сақтауға көмектеседі. Бала бойында өзге тілге деген қажеттілік, ықылас қашан және қалай қалыптасады?
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар қарым-қатынасқа ынталы келеді, сондықтан нақты дәлелдермен тілдік ортаға сауатты, кешенді бағытталса, қызықтыра оқытудың жеке және топтық түрлерін пайдаланса, тіл үйренуде тез табыстарға қол жеткізеді.
Осыған байланысты білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік тілдік саясаты мен еліміздің аймақтарындағы демографиялық жағдайларын ескеріп жүзеге асырылуы тиіс.
Кеңесті дайындаған МҚКК №8 сәбилер бақшасының әдіскері Жанна Рысқалиқызы Саятова
