Ата-аналар, назар аударайық!
Егер сіздің баланыз логопед сабақтарына барып жүрсе бұл өте жақсы болғаны, бірақ бұл сіздің үйдегі сабақтарынызды тоқтату деген сөз емес. Керісінше одан әрі жалғастыру керек. Өйткені жүйелі жаттығулар, тақырыптарды бекіту жұмыстарын жүргізу кезінде ғана нәтиже болады. Соған қоса, біз білетіндей баланың сөйлеу тілінің дамуына ұсақ моториканың дамуы зор үлесін тигізеді. Сондықтан балаға үйде құмдық терапия өткізуге болады. Ол үшін орташа қорап алып, құммен толтыру керек. Бұл құмнан бала қолымен әр түрлі заттарды бейнелеп-мүсіндейді. Сонымен қатар балаларға мозайканы, пазлдарды жинау, сіріңке шилері мен санау таяқшаларынан әр түрлі фигуралады жасауды, бауларды байлау мен шешу бойынша жаттығуды, шашылған ұсақ заттарды немесе түймелерді, мөлшері түрлі қарындаштарды жинауды, дәптерде жазу дағдысын қалыптастыру үшін жазу, сурет салу жұмыстарын ұсыныңыз. Үй шаруашылығында ұсақ моториканы дамытумен қатар еңбек дағдысын қалыптастыру мақсатында күріш сияқты әр түрлі дәндерді тазалауды тапсыруға болады. Бұл пайдалы және қызықты!
Саусақ гимнастикасы
Саусақтарды дамыту мақсатында әр түрлі қимылдарды көрсету, яғни саусақ гимнастикасын пайдалану өте тиімді. Саусақ гимнастикасы арқылы саусақтар қимылының тепе-теңдігі, саусақтарды бүгу, жазу дағдылары қалыптасады.
Шамшырақ
Шамшырақ жанды! Шамшырақ сөнді!
( саусақтарды жазу) (саусақтарды бүгу)
Ту
Саусақтарды бір қарқында астына-үстіне бүгу
Кірпі
Саусақтарды қимылдату

Қуырмаш
Қуыр-қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға тары шаш.
Бас бармақ, балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек!
Сен тұр – қозыңа бар,
Сен тұр – қойыңа бар,
Сен тұр – жылқыңа бар,
Сен тұр – сиырыңа бар,
Сен тұр - әжеңе бар!
Екі күшік кездесті – ав, ав, ав!
Екі мысық кездесті – мияу, мияу, мияу!
Екі құлыншақ кездесті – иго-го-го!
Екі балапан кездесті – щып, щып, щып!
Екі арыстан кездесті – р-р-р!


