2019 жылғы 20 ақпанда №23 сәбилер бақшасы «МДМ жағдайы шеңберінде денсаулық сақтаушы технологияларды қолдану» атты тақырыбында семинар өткізді. Семинар достық қарым-қатынаста өтті. Қонақтар тәжірибелі педагогтардың шебер-кластарына қатысты: К.А. Арынова «Таза сөйлегіштерді қолдануымен гимнастикалық орындықтарда таңертеңгілік гимнастика», Г.В. Сыздыкпаева «Хатха-йога», Л.Ю. Тулеуленова «Тәртіптік кезеңдерде сауықтыру шаралары». Жас педагогтар үлкен ынтамен ашық сабақтар ұйымдастырды:-жүзу бойынша – Т.В. Щербань,-дене тәрбиесі бойынша – З.Б. Байтенова; Н.А. Майдан.Қонақтар педагог-психолог М.Г. Каирова өткізген «Көмек көрсету ағашы» тренингісіне қызығушылықпен қатысты. Тәрбиеші К.Ш. Ордабаева мектепке дейінгі балаларда салауатты өмір салтына дағдыларды қалыптастыру бойынша ата –аналармен жұмысы туралы таныстырылым көрсетті. Семинар соңында қонақтарға дәруменді және шөп сусындары ұсынылды.
«МДМ жағдайы шеңберінде денсаулық сақтаушы технологияларды қолдану» атты тақырыбында семинар өткізді.
