Сенім телефоны
8 (7182) 53 - 84 -60
email: sad22goo@mail.ru
Мекенжайы: Айманов көш, 39 үй
Қабылдау Бөлмесі: 8 (7182) 53 - 84 – 60; Есепші - 8 (7182) 53 - 84 – 60; Вахта - 8 (7182) 53 - 05 - 96
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі, жұма -16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемелекеттік қызмет көрсету регламенті

Павлодар қаласы әкшмдігінің

2012 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 1718/27қаулысымен бекітілді

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемелекеттік қызмет көрсету регламенті

1.    Жалпы ережелер

1.    «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Павлодар қаласының барлық типтегі және үлгідегі мектепке деіингі ұйымдар (бұдан әрі – мектепке дейінгі ұйым) көрсетеді.

2.    Мемлекеттік қызмет Қазахстан Республикасы Ұкіметінің 2012 жылғы 31 тымыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.

3.    Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтаңдырылмаған.

4.    Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны стандарттың 1-қосымшаға сәйкес мекткпке дейінгі ұйымы мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

5.    Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) көрсетіледі.

2.    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

6.    Білім беру ұйымының  орналасқан орны туралы ақпарат Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мына сайтында орналасқан: www.goo.kz.

7.    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бырысы туралы ақпаратты алушы мектепке дейінгі ұйымы мен бөлімінің интернет-ресурстарынаң мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардағы ақпараттық стендтерден, сондай-ақ бөлімдегі 8(718-2) 32-07-61 телефонга шалу арқылы алуға болады.

8.    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1)    мемлекеттік қызметті алушы стандарттың 11- тармағында айқындалған құжаттарды мектепке дейінгі ұйымға тапсыру және  басшылардан қажетті кенес алу сәтінен  бастап- кемінде 30 минут уақытты құрайды.

2)    мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан артық емес.

3)    Өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің рұқсат берілген ең көп уақыты – кемінде 30 минутты құрайды.

9.    Егер стандарттың 11- тармағына сәйкес талап етілетің барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

10.  Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

11.  Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі ұйымға өтініш жасаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымының басшысы белгілеген заңды өкілдерді қабылдау кестесіне сәйкес екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

3.    Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер)

тәртібінің сипаттамасы

12.  Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 11- тармағында көрсетілген құжаттарды білім беру ұйымына ұсынады.

13.  Мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар бар болған жағдайда қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

14.  Шарт бланкілерін мектепке дейінгі ұйымының басшасы береді. Шарт екі данада жасалады.

15.  Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды  тапсырғаның  растайтын құжат талап етілмейді.

16.  Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі ұйымында мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

17.  Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне келесі құрылымдық-  функционалдық бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатысады:

1)    мектепке дейінгі ұйымының басшысы;

2)    мектепке дейінгі ұйымының іс жүргізушісі.

4.    Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

20) Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіпте жауап береді.