Сенім телефоны
87075942843
Мекенжайы: Н.Назарбаев даңғылы 7/1
Қабылдау бөлмесі 20-77-07 Вахта -20-77-02
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 9.00-11.00 Жұма 15.00-17.00
Бейімделу

Баланың балабақшаға бейімделуіндегі ата-ананың ықпалы

Баланы балабақшаға беру немесе бермеу жағдайына жалпы жанұяның жайлылығы, барлық жанұя мүшелерінің эмоциялық күйі, ата-ананың өзін-өзі бағалауы және жанұяның маңызды мәселелері байланысты

Мәселенің психологиялық жағы: болып жатқан өзгерістерге бейімделу бұл балаға да, ата-ана үшін де қиын.

Соңғы жылдары қоғамда бала тәрбиесіне көзқарас өзгерді, бұл мектепке дейінгі мекемелердің бала өміріне қатынасына байланысты болды. Қазіргі уақытта барлық қоғам мүшесі балаларына өзара іс-әрекет формасы мен әдіс тәсілдерін өздері таңдайды. Сонымен бірге көпшілік ата-ананы бала үшін балабақша қажет пе?- деген сұрақ толғандырады. «Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленген бала мектепке тез бейімделеді, әлеуметтік қатынасқа жақсы түседі, құрдастарымен қарым-қатынаста тәжірибе жинақтайды және мектепке келгенде осыған сүйенеді»,- деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан құрдастарымен қатынастарда қиындыққа ұшыраған балалары бар ата-аналар балабақшаға барса, бұл қиындықтан шығады деп үміттенеді. Балабақшаның мүмкіндігін жоғары бағалау да- қателік.

Балабақшаға бейімделген бала саны көп емес. Көпшілігі түрлі қиындықтарға тап келеді. Оның ішінде балабақшаға бару кей балада қорқыныш, үрей тудыруы да мүмкін.

Балабақшаға психологиялық бейімделуі баланың жеке, жас ерекшеліктеріне және тағы да басқа факторларға байланысты. Оның алғашқысы және маңыздысы баланың анасынан және жанұясынан ажырауға психологиялық дайындығы, өйткені үйренген байланыстан ажырау және жанұядан тыс жерде ересектер және өзге балалармен жаңа қарым-қатынас орнату бала үшін қиындық тудырады.

Ересектердің назары өзінде болғанына үйренген баланың «көп ішіндегі бір бала» екендігіне көнуі және өз қажеттіліктері үшін, өз күшін жұмсап күресуі қажет болады. Бұл өзінің қажеттілігі бірінші орында тұратын және ата-ана айтқан бойда, автоматты түрде қанағаттандыратын жанұядағы жағдай емес. Тіпті кейбір ата-аналар ойлағандай балабақша – бұл ұялшақтықтан құтқаратын «дәрі» емес, бұл бала үшін өз бетінше өмір сүру тәжірибесіне дайындық – қиындықтарды жеңу, өзге балалармен қарым-қатынас орнату, жалпы психологиялық «жетілуге» сынақ боп табылады.

Балаға балабақша керек пе?- деген сұраққа жауап беру үшін негізгі оң жақтарын айтайық. Жанұядағы тәрбиемен салыстырғанда балабақша балаға не береді?

Негізінен балабақша өзге балалармен қарым-қатынасқа үйрену тәжірибесі және мектепке психологиялық дайындық болып табылады. Бірақ осы өз бетінше үйрену тәжірибесі бала үшін де, оны уайымдап жүрген ата-ана үшін де жағымды жағдай емес. Сонымен өзге балалармен қарым-қатынас үйренуде балабақша жалғыз мекеме боп табылмайды. Қазіргі уақытта мектеп жанынан шағын орталықтар ашылуда, бұл жерде бала тез бейімделуі мүмкін.

Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай баланы балабақшаға беруде ата-ана баланың жеке жас ерекшеліктеріне емес, өз қажеттіліктеріне сүйенеді (жұмыс, өзге де жанұялық жағдайлар т.б). Соның салдарынан ата-ана басты қателігін жасайды: бала бұл жағдайда психологиялық тұрғыдан қалыптаспай тұрып, ерте жастан, тез, жанұядан, үйден ажыратады. Бұл жағдайда балабақшаға бейімделу өте қиын жағдайда өтеді. Кейде балабақшадан бас тартуға тура келеді.

Баланы балабақшаға психологиялық дайын екендігінің белгілері:

—  баланың өзге балалармен ойнауға, қызығушылығының болуы;

—  анасынан ажырауға баланың жағымсыз әсерінің болмауы;

—  баланың өз жақындарынан басқа ересек адамдармен қарым-қатынасқа дайындығы;

—  жаңа жағдайларда балада қорқыныш, үрейдің болмауы;

—  сұраса, балабақшаға барғым келеді,- деп жауап беруі.

Енді баланың балабақшаға баруда күйзелісті азайту және бейімделуді жеңілдету факторларына тоқталайық.

Балабақшаға қай жастан бару қажет? Балабақшаға дайын болу жасына толудың өзіндік шарттары бар. Бір балада бұл 2,5 жаста кей бала 4-5 жасты күту қажеттілігі болады. Әрине ата-ана бұл жасқа дейін күте алмайды. Бірақ баланың балабақшаға ерте жастан беруге тәжірибе ретінде қарау және жағымсыз салдарға да дайын болу қажет.

Балабақша тандауда әртүрлі жанұя түрлі басымдықтарға қарайды. Бірі мемлекеттік, бірі жеке балабақшаны қалайды.

Балабақшаның жақын болуы біреулер үшін маңызды, біреулер үшін маңызды емес. Бір ата-ана баланы жақсы дамытатын бағдарламасына қараса, бірі тек жайлы қарым-қатынас жасаса болды,- дейді. Бірақ барлығы, тәрбиеші жақсы болуына мүдделі. Бірақ «жақсы» түсінігі әркімде әрқалай, кей ата-ана қатаңдықты, кейбірі жұмсақ, әрі баланың тентектігіне мейірімділікпен қараса,- дейді.

Балаға балабақша тандағанда таныс адамдар мен өзге ата-аналардан мәлімет жинақтаныз. Бұл жақсы нұсқа тандауға көмектеседі. Содан соң міндетті түрде балабақшаға барып, ұзағырақ уақыт өткізіңіз. Ұсақ-түйекке көңіл аударыңыз, әкімшілік ата-ананы қалай қарсы алады, ұсыныс-тілектерге қаншалықты назар аударады. Тәрбиешілердің балалардың серуенде жүргендегі қарым-қатынасына қараңыз. Балаңыз баратын топтың тәрбиешісімен әңгімелесіңіз. Бұл жерде балаға тиімді қолайлы қатынас табуға көмектесетін, негізгі әсер ететін фактор- тәрбиешінің баланың жеке жас ерекшеліктерімен санасуы және оның педагогикалық тәжірибесі.