Жас мамандарға көмек
Жас мамандарға жаднама
БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ: - Баланы жақсы көріңіз
- Баланы жеке тұлға ретінде сыйлаңыз
- Жағымды жағдай жасай отырып баланы мадақтап, ынталандырып,қолдап отырыңыз.
- Баланың кемшілігінде тоқтап қалмай, даму динамикасын бақылау.
- Баланы тәрбиелеуде ата-аналармен тығыз байланыста болу.
- Баламен қамқор, қайрат беретін үнмен әңгімелесу.
- Баланың қызығушылығын ынталандыру.
- Балаға қатты айғайлап ұрысуға, жазалауға болмайды.
- Баланың теріс қылықтарын басқа балалардың алдына жалпылай шолып айтуға болмайды.
- Балаларға жабырыңқы көңіл-күйіңізбен келуге болмайды
- Ата-аналармен басқа біреудің баласын сөз қылмаңыз
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз
- Баланы қорлап, кемсітуге болмайды.
- Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;
- Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі керек;
- Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;
- Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек;
- Жұмысты ұйымдастыра білет, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;
- Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс.
