Сенім телефоны
8(7182) 31-00-24
Мекенжайы: Павлодарская область, город Павлодар, улица Катаева 52
басшысы - 8(7182) 31-00-24, жалпы - 8(7182) 31-00-86, бухгалтерия 8(7182) 31-00-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі -сағат 9.00- 12.00 дейін.
Жас мамандарға көмек

Жас мамандарға жаднама

75642105_109 БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ:
  • Баланы жақсы көріңіз
  • Баланы жеке тұлға ретінде сыйлаңыз
  • Жағымды жағдай жасай отырып баланы мадақтап, ынталандырып,қолдап отырыңыз.
  • Баланың кемшілігінде тоқтап қалмай, даму динамикасын бақылау.
  • Баланы тәрбиелеуде ата-аналармен тығыз байланыста болу.
  • Баламен қамқор, қайрат беретін үнмен әңгімелесу.
  • Баланың қызығушылығын ынталандыру.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
  • Балаға қатты айғайлап ұрысуға, жазалауға болмайды.
  • Баланың теріс қылықтарын басқа балалардың алдына жалпылай шолып айтуға болмайды.
  • Балаларға жабырыңқы көңіл-күйіңізбен келуге болмайды
  • Ата-аналармен басқа біреудің баласын сөз қылмаңыз
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз
  • Баланы қорлап, кемсітуге болмайды.
ТӘРБИЕШІГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
  • Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;
  • Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі керек;
  • Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;
  • Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек;
  • Жұмысты ұйымдастыра білет, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;
  • Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс.