Балабақшаға бейімделу
Баланың балабақшаға бейімделуі. Отбасымен бірлескен іс - әрекет (ата-анаға кеңес) Тәрбиенің бастауы ана құрсағында жатқанда-ақ басталса, әрі қарай отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие ошағында жалғасады. Сондықтан балабақша мен баланың ата-анасы арасындағы қарым-қатынас күнделікті күн тәртібінен түспегені абзал. Ата-анамен тығыз байланыс жасау балалардың өнегелі тәлім-тәрбие алып, өз отбасының шеңберінен шыығып, ересек адамдардыңкеңірек әлемімен жаңа байланыстар орнатуына әсерін тигізеді. Балаға жас ерекшелігіне байланысты қарым-қатынас жасап тіл табысуға мүмкіндік тудыратын орта балабақша. Үйдегі баланың жаңа ортаға бейімделуі оңай болмайды. Бұл жерде ең бірінші көмекке келетін тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісі. Сәби өзінен басқа бала бар екенін, олармен бәрі қызықты екенін түсінуі керек. Сәбиді туған –туыстарымен жақындарынан айырып, басқа адамдар ментаныс емес балалардың ортасына апарру оған ауыр тиеді. Бала жаңа ортада ата-анасының мейірімін, өзіне ерекше ықылас болуын аңсайды. Дәл осы толқымалы кезең ата-ана, тәрбиеші үшін жауапты кезең. Педаготың өзіне жүктелген жауапкершілігі және ата-ананың көмегі баланың психикалқ және дамуына көңіл күйіне әсерін тигізеді. Балаға үйден балабақшаға ауысу кезінде қандай көмек бере аламыз? Осы тұрғыда ата-анағаларға мына төмендегі кеңесті бере аламыз. 1. Алғашқы күннен бастап, нәрестеңізбен балабашаның ішін аралаңыз. Балаңызға тәрбиешімен бірге топты, ән-күй залынкөрсетіңз т.б. 2. Сәбиіңізге балалар серуенде не істейді, қай жерде тамақ ішеді, күндіз қайда, қалай ұйықтайтыны жайында түсінік беріңіз. 3. Үйде күн тәртібін бұзбаңыз, баланы ерте жатқызыңыз, ұйқысының тыныш болуына көңіл бөліңіз, өйткені оның ұйқысы бұзылса, мазасыздана береді. 4. Балаңызды балабақшаға әкелгенде жалғыз қалдырмаңыз. Сол жерде онымен біраз уақыт болыңыз. 5. Баланы уақытында алып отырыңыз. Алғашқы екі аптада сәбиіңізді түс мезгілінде алып кеткеніңіз жөн. 6. Балаңызға ең сүйікті ойыншығын балабақшаға апаруға ұқсат етіңіз. Оны сонда тастап кетіп, ойыншығың тәңертең келгенде қарсы алады деп түсіндіріңіз. Егер балаңыз келіссе, ойыншықты күнде өзімен бірге ала жүріп, басқалармен ойнасын. Сонан соң балаңыздан «Ойыншық балабақшада не істеді, оныме кім достасты, кім ренжітті, оған көңілсіз болды ма?» - деп сұраңыз. Осындай сауалдар арқылы сіз балаңыздың балабақшаға қаншалықты үйренгенін біле аласыз. 7. Үйдегі ойыншықтарымен «Балабақша» ойынын ойнап көріңіз, бір ойыншықты баланың өзіне қалдырып, онымен қыдыртыңыз. Сонан соң сырттан бақылаңыз. Сол ойыншық арқыл Қазіргі заманның жұмысшыларына талап жоғары қойылған. Осы орайда айта кететін тағы бір жәйт ата-ананың жұмыстан шаршап келгенде баланың тәрбиесіне онша көңіл бөлмеуі. Ата-анасының қабағынан, даусынан, ашудың ызғарын байқаған бала өздігінен басылып қалады. Баланың сәби кезінде ең жақыны ата-ана екенін естен шығармаған жөн. Осының салдарынан бала ұяң болып өсіп, өзіне деген сенімділігін жоғалтады. Тәрбиеге белгілі бір уақыт бөлуді талап етпейді. Баланың күні бойы іс-әрекеті толықтыруды, қадағалап отыруды қажет етеді. Бұл мезетте балаға деген ата-ана мейірімінің, шапағатының ықпалы ерекше орын алады. Ата – анаға мынадай мақсаттарды ұсынамыз: - Ата – ана өзін –өзі ұстай, бақылай білуі; - Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу; - Баламен сырлас, дос болуға тырысып, оның ой идеясына көңіл бөлу; - Бақшадан келген баланың көңіл күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне өзі баға беруіне үйрету; - Баланың өз қателігін түсінуге мүмкіндік беру; - Оның шығармашылық қабілетін, ақыл-ой сезімін бағалай білу; Біз жиырма бірінші ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, жас ұрпағымызды дұрыс тәрбиелеуге, дұрыс білім беруге міндеттіміз. « Балаға білім берру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соқтырады» - деген, данышпан ойшыл ғалым Әбу Насыр әл – Фараби.
