Тәрбие міндеттері
Тәрбие міндеттері
- Бала денсаулығын нығайту жұмыстарын жалғастыру, организмдерін шынықтыру
- Жүйке жүйелерін қорғауды іске асыру, шаршау және жарақат алмаудың алдын алу
- Дене бітімінің дұрыс өсуін қадағалау, мәдени-гигиеналық және өз-өзіне қызмет жасау машықтарын бекіту
- Қоғам өміріндегі және табиғаттағы заттар және болмыстар туралы түсініктерін кеңейту, өз өлкесіне деген қызығушылығына тәрбиелеу
- Балалардың дыбыстық тіл мәдениетін жетілдіру, сөз және дыбыстың анық айтылуын талап ету, сөздік қорларын молайту, қысқа және толық жауап берулерін қадағалау
- Балаларды тұрмыстағы әртүрлі заттар түрлерімен, көлік түрлерімен таныстыру
- Жеке бөліктер мен небір белгілерді бөліп алуды үйрету (түсін, пішінін, көлемін)
- Балалардың тәжірибелік машықтарын қалыптастыру: тақпақтар оқу, ертегі айтып беру, мәнерлі оқу.
- Оқу барысында бала зерігіп кетпесін. Егер бала көңілді оқыса, ол жақсы оқитын болады. Қызығушылық – мотивациялардың ең жақсысы, ол балаларды шығармашылықты тұлғалар етіп шығарады және ақыл-ой сабақтарынан қанағат алады.
- Жаттығуды қайталаңыз. Баланың ақыл-ой қабілетін дамыту уақыт пен тәжірибеде айқындалады. Егер де небір жаттығу келіспей жатса, үзіліс жасаңыз, кейін қайтып келсеңіз де, не басқа жеңілдеу тәсілге көшсеңіз болады.
- Жеткіліксіз жетістіктерге жетпей жатса не алға ештеңе жылжымаса үрейленбеңіз.
- Шыдамдылық танытыңыз, асықпаңыз, баланың ақыл-ойын бөліп тастамайтын, басқа жағынан назар аударатын жаттығуларды бермеңіз.
- Сабақта балаға деген бір өлшем болу керек. Бала шаршап, айналшақтап, не көңілсіздеу болса жаттығу жасамай-ақ қойыңыз. Баланың шыдамдылығын байқап және сабақты дайындағанда әр кез сайын аздап қана уақыт мерзімін қосып отыру керек. Кей кезде өзіне ұнайтын істерімен айналысуға мүмкіндік беріңіз.
- Мектепке дейінгі бала қайталай беретін, бірқалыпты, нақты уақытымен ғана берілетін сабақтарды қабылдамайды. Сондықтан ойын түрінде өткізген жөн.
- Балада қатынас жасаудың машықтарын дамытыңыз, бірлесіп істеуді, ұйымшыл болуды, басқа балалармен достасып кетуіне, олармен жетістіктерді және қиыншылықтарды бөлісуге үйрету керек, бұның бәрі ертең мектепке барғанда әлеуметтік атмосферада керек болады.
- Немқұрайлы баға бермеңіз, ылғи да сүйемелдеп отырыңыз, жиі балаңызды шыдамдылығы мен жетістігі үшін мақтап отырыңыз. Басқа балалармен оның әлсіздігін салыстырмаңыз, оның өзіне деген сенімділігін қалыптастырыңыз. Ал ең негізі, баламен оқыған сабақты ауыр еңбек түрінде қабылдамаңыз, керісінше қуанып, ләззат алыңыз, күліп-ойнап жүрсеңіз жақсы болады. Баламен тіптен дос болу мүмкіншілігі туғанын есіңізге сақтаңыз.
