Логопед беті
Бала тілі қалай дамиды Бала қалыптасқан тілмен тумайды. Баланың сөйлеуге қашан және қалай үйренетіні туралы бірден айтуға болмайды. Сөйлеуге үйрену – бұл жан – жақты күрделі психологиялық үрдіс, үйрену мен әрі қарай даму әр түрлі факторларға байланысты. Баланың тілі - оның миының, есту қабілетінің, - тіл – қозғалу аппаратының белгілі бір даму деңгейіне жеткенде қалыптасады. Баланың тілі – оның миының , есту қабілетінің, есту қабілетінің, тіл – қозғалу аппаратының белгілі бір даму деңгейіне жеткенде қалыптасады. Баланың миы дамыған, тіл аппараты дамыған, жақсы есту қабілеті болса да тілдік айналасы болмаса сөйлемейді. Бала тілінің дамуында кейбір заңдылықтар байқалады, олар біріншіден бірте - бірте өтетін процестерде байқалады.
- Бірінші дайындық кезеңде тіл аппараты бөлімдері, қабылдаушы мидың, перефириялық – есту мүшелері, дем алу мүшелері, дауыс және артикуляция дамиды.
- Екінші кезеңде – тілді ұғыну және бірінші мәнді сөздерінің пайда болуы дамиды.
- Үшінші кезеңде - сөз орамын қолданады.
- Төртінші кезеңде - лексикалық қордың болуы, монолог түрінде сөз сөйлей білуі, грамматикалық ережені қолдана білуі, сөз бен дыбыстарды анық және таза айта білуі.
- Сабақты бала өзінің қимыл – қозғалысының дұрыстығын бақылай алатын айна алдында өткізген жөн.
- Баланы қинап жаттықтыруға болмайды, оны ойын түрінде өткізіңіз.
- Барлық жаттығуларды шынайы орындау керек.
- Бірқалыпты саналатын санау арқылы артикуляциялық жаттығуды өткізген жөн.
- Алдындағы жаттығуды жақсылап меңгергеннен кейін ғана келісіне көшкен дұрыс.
- Дыбыстың бірізділік жұмысы дайындалған жаттығулардан, нақты жаттығу алдында дыбыс шығырудан, сөздің, сөйлемнің және өздік сөйлемнің автоматизациясы және ажыратылымынан тұрады.
- Дыбыстың дұрыс айтылуын үнемі қадағалап отырыңыз, қиналған жағдайда балаңызбен буынға бөліп бірге айтыңыз.
- Тілашардың шыдамды және шынайы жақтасы болыңыз.
