Телефон доверия
8(7182)652276 - сәбилер-бақшасы, 8(7182)321937 - білім беру бөлімі, 8(7182)320560 - білім беру басқармасы
Адрес: Павлова 106/1
8(7182)65-22-76 - қабылдау бөлмесі, 8(7182)65-34-65 - бухгалтер бөлмесі, 8(7182)60-23-93 - вахта.
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі, бейсенбі - 16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Ата- аналарға арналған кеңес

Баланың тәрбиесіне қатысты ережелер : Баланың психикасы тап таза парақ секілді , сол параққа ата - ана баласының тәрбиесін психологияга сай жазуына болады. Ата-ана баласына қаншалықты жақсы тәрбие берсе, сол берген тәрбиесінен баланың болашағын көре алады.Міне баланы жақсы тарбиелеу үшін ең оңай тәсілдер:

  1. Өзініз үйреткен, қойған ережелеріңізді орынсыз өзгертпеңіз.Мысалы: Бала өзінің ұйықтайтын уақытын жаттап алу керек еш кандай өзгерістер болмау керек.
  2. Өтініштеріңізді әлде сауалдарыңызды балаға түсінікті тілмен ашық айту керек . Мысалы: «Мен түсінбедім неге шулап кеттіңдер?!» емес, ал «Мен өте маңызды шаруамен айналысып отырмын, сондықтанда маған кедергі жасамауыңды сұраймын.Өзіңнің бөлмеңе барып сурет сала тұршы».
  3. Балаға айтқан сөзіңізді бірден ұғып орындағанын үйрете біліңіз. Егерде сіз бір айтқан сөзіңізді бес рет қайталап,балаға айтқан бұйрығыңызды тезірек орындағанына әрекет жасамай қарап отыра берсеніз,бала үшін сіздің сөздеріңіз бос дыбыстар болып қалады.
  4. Ата-аналардың арасында баланың тәрбиесіне қатысты түсінушіліктер болмау керек,әсіресе баланың көзінше. Егерде бала анасының алдында бұзықшылык жасап қойса, оны әкесіде солай жазалайтынын білуі керек.
  5. Кеше рұқсат болмаған нәрсеге бүгін рұксат беруге болмайды.
  6. Балаға көп бұйрық бере беруге болмайды,керісінше дәрежесі көтеріліп қалатын сөздер көп айту керек. Ол бала анда-санда бұзық болған үшін бала.
  7. Әр бала өзінің деңгейіне,ақылына сай күшті тапсырмалар алуы керек.
  8. Баланың сізден қорқып бөтен адам сияқты болып жүргені еш қандай жақсылыққа апармайды.Сондай-ақ ондай қарым-қатынасты отбасындағы мүшелерден де байқамауы керек. Егер әкесі баланың көзінше оның анасына дөрекілік көрсетсе ,бір күні оны балаңызда қайталауы мүмкін.
  9. Алтын ереже : балалар үлгіні өздеріңізден алады, сондықтанда балаға рұқсат бермеген нәрсені өзіңіз қайталамаңыз.