Сенім телефоны
8(7182)-21-88-18
email: 37mektep-pvl@mail.ru
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда3062280
Бір айда323535
Бір аптада89549
Кеше30221
Тәулік12186
Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары

Абдимбетова Г.Б

Әбдімбетова Гүлмира Бахитқызы – директордың тәрбие жөніндегі орынбасары.

 

Павлодар Университетін 2007 жылы «Математика» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 12 жыл. Санаты - 1. Павлодар облысының педогогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру институтында 2012 жылы «Математика» бағыты бойынша біліктілігін арттырған. 2013 жылы «Үздік интербелсенді сабақ әзірлемесі» сайысының 2 орын иегері. 2016 жылы «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығында «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында отаншыл және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру негізінде» тақырыбы аясында курстан өтті. «ЖОО-да және мектепте ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі» семинар, «Жоғары педагогикалық мектепте инновациялық білім беру ортасын институциоландыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференция, «ActivInspire» интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін оқу процесінде пайдалану тақырыбындағы семинар сертификаттарын иегері.   Жалпы білім беру мектебінің алғыс хатымен, қалалық білім беру бөлімінің Ұстаздар күніне орай 2016 жылы 29 қыркүйекте еңбек кітапшасына енгізілумен жарияланған алғысымен, «Жас Отан» жастар қанаты Павлодар облыстық бөлімшесінің алғыс хатымен марапатталған. «Инфоурок» мұғалімдерге арналған жоба жұмысына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталған және аталған жоба бойынша оқушылардың математика пәнінен  халықаралық олимпиадада 1,2,3 жүлделі орындар иеленгені үшін «Куәлік» пен «Алтын Мадақтама» иеленген. 2017 жылы «Ағарту сабағы - 2017» аймақтық сайысының   2 дәрежелі Диплом жүлдегері.

Исагалиева У.С

Исағалиева Ұлжан Сабыржанқызы – директордың тәрбие жөніндегі орынбасары.

Б.Ахметов атындағы Павлодар Педогогикалық колледжін 1994 жылы және С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетін 2015 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 20 жыл. Санаты -1.

Сыздыкова А.Ж

Сыздықова Ақмарал Жасқайратқызы – директордың тәрбие жөніндегі орынбасары.

 

Павлодар Инновациялық Евразиялық Университетін 2009 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 23 жыл. Санаты -1. Павлодар облысының педогогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру институтында 2012 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті» бағыты бойынша біліктілігін арттырған. 2013 жылы 3-ші деңгейлік біліктілікті арттыру курсынан өткен. 2015 жылы қалалық әкімшілік пен білім беру бөлімдерінің марапаттауларына ие болған. 2016 жылы білім беру саласында белсенді, жемісті және адал еңбегі үшін қалалық білім беру бөлімнің марапаттауына ие болған.