Сенім телефоны
8(7182)-21-88-18
email: 37mektep-pvl@mail.ru
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда2918451
Бір айда105051
Бір аптада17524
Кеше1451
Тәулік165
Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары

   Бегежанова Т.А

Бегежанова Тлектес Амантайқызы – директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары.

 

Павлодар Университетін 2004 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 32 жыл. Санаты - жоғары. Павлодар облысының педогогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру институтында 2011 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті» бағыты бойынша біліктілігін арттырған.

   

Гаухар Болатовна

Бектемірова Гаухартас Болатқызы – директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары.

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетін 1988 жылы «Химия және биология» бағыты бойынша бітірген. Жұмыс өтілі – 34 жыл. Санаты - жоғары. Павлодар облысының педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру институтында 2015 жылы «Химия және биология» бағыты бойынша біліктілігін арттырған. 2013 жылы 1-ші деңгейлік біліктілікті арттыру курсынан өткен. 2013 жылдары облыстық білім беру және 2014 жылы қалалық, облыстық білім беру бөлімдерінің «Құрмет» марапаттауларына, 2013 жылы ҚР БҒМ және облыс әкімінің марапаттауларына ие болған. 2017 жыл «Билингвиалды Пән мұғалімі» бағдарламасының В1-С1 деңгейіндегі ағылшын тілі курсы сертификатының иегері.2016, 2017 жылдары өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда ерен еңбегі үшін Павлодар қаласының әкімінің "Алғыс хаты"  , 2018 жылы ҚР БҒМ "Құрмет грамотасы" марапатталды.

Шоманова Гүлнәр Найманханқызы - директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары.

Білімі жоғарғы, 1989 жылы Павлодар педагогикалық институтының «Физика және математика» факультетін «орта мектептің физика және математика мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс өтілі 27 жыл. Санаты –жоғарғы. ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсы бойынша сертификат. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы. Қалалық математика мұғалімдерінің шығармашылық топ және қалалық пән олимпиадасының әділ қазылар мүшесі. «Кенгуру», «Ақ бота», «Ертіс дарыны» интеллектуальдық марафондар бойынша және облыстық олимпиада жеңімпаздарын дайындаушы. 2015-16 оқу жылы қалалық ғылыми жоба жүлдегері, облыстық ғылыми жобаға қатысушы.