Сенім телефоны
8(7182)-21-88-18
email: 37mektep-pvl@mail.ru
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
Бір жылда2907724
Бір айда300525
Бір аптада40569
Кеше8706
Тәулік291
Басшы

Директор

ЖҮСІПОВА ЛӘЙЛӘ БАЖҚЫЗЫ

Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімі

«Павлодар қаласы № 37 жалпы орта білім беру мектебінің» директоры

Павлодар облысында 1973 жылы өмірге келген. 1994 жылы «Бастауыш сыныптар методикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын үздік дипломмен аяқтады. 2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Педагогика ғылымдары магистрі дәрежесіне ие болды. 2005 жылы «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша Павлодар университін аяқтап шықты.

Өзінің еңбек жолдарын 1994-1996 жылдары Павлодар педагогикалық институтының бастауыш сынып әдістемелігі кафедрасының оқытушысы ретінде бастады.

1996-1999 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бастауыш сынып педагогика және әдістемелігі кафедрасының оқытушысы мұғалімі болып жұмысын жалғастырды.

1999-2003 жылдары Павлодар қаласы №22 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сыныптарында қазақ тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеді.

2003-2006 жылдары №19 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімі және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары болып тағайындалды.

2006-2008 жылдары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің қазақ тілі пәні әдіскері қызметін атқарды.

05.11.2008 жылы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жалпы орта білім беру секторының бас маманы лауазымы міндетін атқарды.

2015 жылдың тамыз айынан бастап «Павлодар қаласы № 37 жалпы орта білім беру мектебінің» директоры лауазымына тағайындалды.

Жалпы пән мұғалімі ретінде де нәтижелі жұмыс атқарып отыр (2018, 2019  оқу жылдары оқушысы қазақ тілі пәнінен облыстық пән олимпиадасын екі жыл қатарынан  жүлдегер (Самал Жүнісханова)).                                                                                                                                                                                                                                          

2017 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығындағы 9 айлық курстың нәтижесінде «ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы курсында жоғары нәтижелер көрсеткені үшін «Алғыс хат» иеленді.

  • Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаттары (2012, 2016 ж.);
  • Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Алғыс хаттары (2016 -2019 ж.);
  • Павлодар облысы білім беру басқармасының Алғыс хаттары (2012, 2016, 2017  ж.);
  •  ПОБББ "Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хаттары (2017 ж.);
  • "Нұр Отан" ПОФТ  Алғыс хаты (2017 ж.)  ;
  • Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасы (2011ж.);
  • Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасы (2013 ж.);
  • Павлодар қалалық мәслихаттың Құрмет грамотасы (2013 ж.);
  • Білім беру басқармасының аймақтық оқу-тәжрибелік дене тәрбиесі орталығының Құрмет грамотасы (2018 ж.);
  • Нұр Отан партиясы бірінші хатшысының Құрмет грамотасы (2018 ж.);
  • Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты (2018 ж.).