Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Дені сау ұрпақ – біздің болашағымыз.

Дені сау ұрпақ – біздің болашағымыз.

«Денсаулық – байлық қана емес, ол адам бақытының бастауы, тіршілік көзі, онсыз өмір елестету мүмкін емес. Денсаулық – терең бақыт».

Абай

           Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, Қазақстан халқына Жолдауында: «Егеменді еліміздің болашағы мықты болып, шынығып өскені абзал» деген. Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту, бүгінгі бала - бақшалардың басты мақсаттарының бірі болып отыр.
  Сондықтан, баланың дене бітімінің дұрыс қалыптасуы педагог үшін басты міндет болып табылады. Баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл-дағадыларын және дененің икемділігін, шапшандық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс-әрекеттерінде қажет.  Соңғы уақыттарда балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеуде түрлі дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістер қолдануда.       

Дәстүрлі емес формалар мен әдістер баланың ағзасына әсері келесі бағыттармен анықталған: «ұлттық мәдениетінің»жаттығуларының элементтерін қолдану арқылы сауықтыру жаттығулары стретчинг (созылу), ұлттық мәдениетінің элементтерін еңгізу кіреді. Мысалы: «малдасқұру», «садақшы»кейіпі, «салтатты», «құс қанаты», «қос мүйіз» т.б.          

 «Малдасқұру» - негізгі ұлттық кейіп жаттығулар  күрделі кейіпте      отыруға арналған.

 «Салтатты» - кейпі – жартылай отыру, сәл қол саусақтарын жұдырыққа бұзу. Салт жүру процесіндегі салт аттының негізгі қозғалыс-қимылдары.

«Домбырашы» - кейпі-жүрілген отырып, сол аяқпен тұру,  оң табаны сол жақ тізесінде, қолдары алға созулы, сол саусақтары жоғарыда, оң  саусақтары төменде. «Домбырашы» кейпіндегі жаттығу бір келкі қалыптағы ашық және жабық көздермен.

«Құс пен аңшы» -кейпі – жүрескен отыру- қолды оңға, солға созу, шыққа қарашы – қарсы созу, саусақтарын жұмыдырыққа жию, қолды (оңға, солға) алға созу.

«Садақшы» - кейпі- аяқты нық басу, тізе бүгілуі «атқа салт жүру» қалпына түсу.

Сонымен бірге қазақ би элементтері бар ырғақ кіреді. Мысалы: - Қазақтың халықтық ән-биі «Қара жорға».Саусағының ұшынан бастап қақ төбе, қара бақайына дейін сылқылдап мың бұрала билегенде бар буының «іске»қосылады.  Әрине қандай да болсын өзекті мәселені шешуде педагогикалық жайдан күрделендіру бірізділік принципіне, баланың физиологиялық ерекшеліктерін ескеру, шынықтыру-сауықтыру шараларының жүйелігіне сүйенеміз.

Денсаулық сақтау технологиясы арқылы жүйелі қолдану барысында мынадай нәтижеге қол жеткізуге болады :

-қан айналымын жақсартады.

-орталық жүйке жүйесін бірқатар ауруларды болдырмауға себепші болады.

-мидың жұмысын арттырады.

-тыныс алу жолдарын ашады.

-мұрын мен дем алуы жақсарады.

Сондықтан баланын денесінің дұрыс қалыптасып, дене бітімінің дамуына «қара жорға» қимыл-қозғалысының манызы зор.                                                                                           Павлодар қаласы №48 сәбилер бақшасының тәрбиешісі:                                                                                          М.Ш.Мұқанова