Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2018-2019 оқу жылының І тоқсанында дарынды балалармен атқарылған жұмыстар есебі

       2018-2019 оқу жылының басында өткен 2017-2018 оқу жылының қоры-тындысы бойынша жаңа оқу жылына  мақсаттар мен міндеттер айқындалып, жоспар құрастырылды.

         2017-2018 оқу жылында гимназиялық сыныптар саны – 12, оқушылар саны 295 болды.  Білім сапасы – 71%. Өткен оқу жылымен салыстырғанда гимназиялық сыныптар саны азайды: 12 гимназиялық сыныптан білім сапасының төмен болуына байланысты 7 сынып қалды: 2а,3а, 4а4ә, 5а, 7а, 8а, оқушылар саны -165. Сонымен қатар, өткен жылы 8а сыныбында информатика тереңдетіліп оқытылса, жыл соңында білім сапасының 44% болуына байланысты биылғы жылы тоқтатылды. 8а сыныбында география, 7а сыныбында ағылшын тілі тереңдетіп оқытуды жалғастырады, оқушылар саны -52.

        2018-2019 оқу жылынан бастап көптілді оқыту эксперимент ретінде енгізілді. Гимназиялық 7а сыныбында химия, физика, информатика пәндері қазақ, орыс, ағылшын тілінде өткізіледі.

         Мектепішілік олимпиадалық резерв командасының құрамы бекітілді.  «Павлодар дарыны» БУҚБДДО жанынан ұйымдастырылған 8-11 сынып оқушыларына «Алтын сын», 5-7 сынып оқушыларына арналған «Жас ғалым» мектебіне біздің мектептен 20 оқушы математика, орыс тілі, қазақ тілі, Қазақ-стан тарихы, информатика, биология, химия, география, ағылшын тілінен қатысады, соның ішінде 8 оқушы гимназиялық сыныптан..

         Гимназиялық сынып оқушылары І тоқсан барысында белсенділік танытып, әр түрлі шараларға қатысты. Бастауыш сынып оқушыларына арналған қалалық «Бастау» математикалық турниріне гимназиялық сыныптардан 2а -Р.Бельгибаев, 3а -Бекей Иманали, 4а –Бекбатыров Тамерлан командалық ІІ орынға ие болса, жеке сайыста 2 «А» сынып оқушысы Р.Бельгибаев ІІІ орынды иеленді, мұғалімдері: А.М.Жапарова, А.В.Естаева, С.Қ.Намазбаева.

        М.Жұмабаев оқуларында 7 «А» сынып оқушысы Ж.Мағамет  ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, дайындаған мұғалімдер:  Г.Қ.Сапина.

       І тоқсанның соңында дәстүрлі мектепішілік олимпиада өткізілді. Оған    2-11 сыныптардан 841 оқушы қатысып, 231 оқушы жүлдегер болды. Жеңімпаздар қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы мен қалалық пән олимпиадасына қатысатын оқушылар іріктелініп алынды, жеңімпаздардың басым көпшілігі негізінен гимназиялық сынып оқушылары.

        Қараша айында жасөспірімдер арасында өтетін олимпиадаға қатысуға 8 оқушы өтінім берді, соның ішінде 5 оқушы гимназиялық сыныпта оқиды (математика, химия, физика, география, биология).

       Желтоқсан айында өтетін дәстүрлі қалалық пән олимпиадасына 13 оқушы қатысса, оның екеуі гимназиялық сыныпта, біреуі географияны тереңдетіп оқиды.

       І тоқсан бойынша гимназиялық сыныптардағы білім сапасының жылдықпен салыстырмалы көрсеткіштері:

сынып

2017-2018 жылдық

І тоқсан

динамика

Мұғалім

84,6%

72%

-11,4

Жапарова А.М.

80%

69,5%

-10,5

Естаева А.В.

72,7%

66,6%

-6,1

Намазбаева С.Қ.

76%

68%

-8

Қазанғапова М.Ш.

94,7%

20%

-74,7

Досанова Г.Қ.

59,3%

57%

-1,7

Жунусова С.Қ.

68,1%

50%

-17,9

Жармағамбетова Б.Қ.

7сынып

76,5%

57,6%

-18,9

 

 

       Гимназиялық сыныптарда І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы -57,6%, үлгерім 100% болды.

      Тереңдетіліп оқытылатын пәндер:

сынып

пән

2017-2018

жылдық

І тоқсан

динамика

Мұғалім

ағылшын

77%

57,6%

-19,4

Жармағамбетова Б.Қ.

Жукашева А.М.

география

95,5%

70%

-25,5

Қажмағамбетова М.Т.

Барл.

2 пән

86%

63,8%

-22,2

 

 

        8а сыныбында географиядан білім сапасы -70%, үлгерім 100% (мұғалім М.Т.Қажмағамбетова), 7а сыныбында ағылшын тілінен-57,6%, үлгерім-100% (мұғалімдер Б.Қ.Жармағамбетова, А.М.Жукашева) болды.

       Өткен оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда гимназиялық сыныптарда сапа 13,4%-ға кеміген, ағылшын тілінен 13%-ға кеміген, географиядан 16%-ға кеміген. Гимназиялық сыныптар арасында білім сапасы 2а - 72%, мұғалім 3а -69,5% мұғалім А.В.Естаева, 4ә- 68%, мұғалім С.Қ.Намазбаева. Ең төмен нәтиже 5а сыныбында, сынып жетекшісі Г.Қ.Досанова. 5а сыныбында сапаның төмен болу себебі, оқушылардың құрамының өзгеруі және олардың  орта буынға өтуге байланысты бейімделуі және жаңа мазмұнды оқытуға көшу.

     Ұсыныс:

  1. Төмен нәтиже көрсеткен 5а (20%) сыныбын мектепішілік бақылауға алу, негізгі пәндер бойынша мониторинг жүргізу (қазақ тілі, математика, жаратылыстану).
  2. 5а сыныбында сынып жетекшісінің психологтермен жұмысын белсендіру. Ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту.
  3. Білім сапасын арттыру мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастыру.