Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Дұрыс тамақтану бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспар

№ 2 ЖОМ-ның тамақтануға байланысты

2018-2019 оқу жылы атқарылатын іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шара атауы

мерзімі

жауаптылар

1

"Қалай дұрыс тамақтану керек?" ата-аналармен жиналыс

 

қыркүйек

Дұрыс тамақтану бойынша №2 емхана маманы Г.Ш.Нурахметова

2

"Қалай дұрыс тамақтану керек?" оқушыларға арналған баяндама

 

қыркүйек

Дұрыс тамақтану бойынша №2 емхана маманы Г.Ш.Нурахметова

3

6-7 сыныптармен «Салауатты тамақтану және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» дөңгелек үстел

қазан

СӨС орталығының маманы А.Қ.Тұрарова

4

Бастауыш  сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану» диктант

қазан

Бастауыш сынып мұғалімдері

5

«Фаст-фудқа салауатты балама» баяндама

қараша

СӨС орталығының маманы А.Қ.Тұрарова

6

«Салауатты өмір салтын ұстанып, тиімді тамақтанайық!» тәрбие сағаттары

қараша

Сынып жетекшілер

7

1-2 сыныптар арасында «Дәрумендер – жыл бойы» көрме ұйымдастыру

қаңтар

1-2 сыныптардың сынып жетекшілері

8

3-4 сыныптар арасында дұрыс тамақтануға байланысты сауалнама алу

қаңтар

3-4 сыныптардың сынып жетекшілері

9

«Тамақтану мәдениеті» баяндама

жыл бойы

Медбике Л.Г.Асанова

10

«Денсаулығыңды сақта! Байыппен тамақтан. Спортпен өмір сүр» стенд

жыл бойы

Медбике Л.Г.Асанова СӨС үйлестіруші С.М.Ахметжанова

11

«Тазалық – денсаулық кепілі» баяндама

жыл бойы

Медбике Л.Г.Асанова

12

«Тамақтану мәселесі» ата-аналар жиналысы

тоқсан сайын

ДТЖжО А.Ж.Камалиденова, әлеуметтік педагог Ә.С.Мұхаметжанова

13

«Тиімді тамақтану» онкүндік

1-10 сәуір

Ә.С.Мұхаметжанова

14

«Тісіңді сақтай біл!» Сахналық көрініс  Қуыршақ театры. 

мамыр

ДТЖжО, СӨС үйлестіруші

15

Асқынған ішек инфекцияларының алдын алу бойынша онкүндік

маусым

Лагерь тәрбиешілері

 

Оқу жылының басында №2 орта мектебінде жалпы оқыту қорының есебінен ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылды. Бюджеттік қаражат есебінен 6 жетім және 100 аз қамтылған отбасының оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

 

  

  Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

   Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.

   Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-16.00-ге дейін жұмыс жасайды. 

   Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.

  Мектеп оқушыларын сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.

  Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.

  Дұрыс тамақтану ережелері:
- тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

- тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

- тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.

- таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

  Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

3. Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.

4.  Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5.  Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.