Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ОЖСБ өткізу жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

міндетін атқарушының

2017 жылғы 10 наурыздағы

№ 109 бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы 28 қаңтардағы

№ 94 бұйрығымен бекітілген 

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау (бұдан әрі - ОЖСБ) жүргізу тәртібін:

1) бастауыш мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;

2) негізгі мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;

3) жалпы орта мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында; 4) жоғары білім беруде – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламасын игеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп айқындайды.

2. Осы қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

1) тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат.

3. ОЖСБ жүргізудің мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда (бұдан әрі - МЖМС) кӛзделген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің (бұдан әрі – орта білім) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау болып табылады. 

4. Қағидалар меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, түрлеріне қарамастан орта және жоғары білім беру ұйымдарына таратылады. 

5. ОЖСБ оқыту тілінде кешенді тестілеу түрінде ӛтеді.

6. ОЖСБ жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының және жоғары білім мамандықтарының және жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – базалық ЖОО) және оларға бекітілген желілік жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – желілік ЖОО) тізбесін Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жыл сайын айқындайды.

7. Тапсырмалар саны мен мазмұны, сондай-ақ тестілеуге бӛлінетін сағат саны әр пән бойынша тесттің спецификациясына сәйкес айқындалады. Тест спецификациясын уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.

8. Білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны ӛткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) және Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттерінің уәкілетті ӛкілдері (бұдан әрі - БСБД) жүзеге асырады.

9. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз етуді Министрліктің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҰТО) жүзеге асырады.

10. ОЖСБ ӛткізу кезінде Министрліктің және БСБД-ның уәкілетті ӛкілдері білім алушылармен тестілеу материалдарын толтыру және рәсімді ӛткізу тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

11. Тестіленуші басқа тестіленушілермен сӛйлеспейді, материалдармен алмаспайды және (немесе) оларды қасақана бүлдірмейді (жыртпайды), қағаз, электрондық және ӛзге де ақпараттарды қолданбайды. Тестілеу барысында тестіленуші калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), түзету сұйықтығын, электрондық жазба кітапшаларын және қабылдайтынберетін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен ӛзге де электрондық жабдықтар) қолданбайды. Тестіленуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда Министрліктің және БСБД-ның уәкілетті ӛкілі тестіленушіні аудиториядан шығару туралы шешім шығарып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тыйым салынған заттың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акті нысанын жасайды, тестілеу нәтижелерін жояды.

12. Аудиториядан шығу тек дәліз кезекшісінің алып жүруімен ғана қарастырылған.

13. ОЖСБ ӛткізу кезінде білім алушылардың білім сапасына ықпал етуші факторларды айқындау үшін, білім беру ұйымдарының тестіленушілері, мұғалімдері және әкімшілігі арасында сауалнама жүргізіледі.

14. Тестілеудің барысы туралы статистиканы толтыру және ҰТО-ға жіберу әр тестіленуші топтың жұмыс күнінің аяқталуы болып саналады.

15. Барлық тестіленуші топтарда тестілеу аяқталған соң пайдаланылған сұрақ-кітапшалары жойылады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес білім 3 беру ұйымдарында ОЖСБ тестілеуі сұрақ-кітапшаларын жою туралы акт жасалады. Пайдаланылмаған сұрақ кітапшалары ҰТО-ға жеткізіледі.

16. ОЖСБ қорытындылары туралы ақпарат уәкілетті органның интернетресурсында орналастырылады.

17. ОЖСБ нәтижелерін уәкілетті орган білім беру саласындағы заңнаманы қадағалау барысында жүргізілген тексеру кезінде тәуекелдерді бағалау жүйесінің ӛлшемшарты ретінде пайдаланады.

18. ОЖСБ нәтижелерін рейтингтік зерттеулер жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға енгізіледі.

2-тарау. Орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) және жоғары беру ұйымдарында ОЖСБ-ны жүргізу тәртібі

1-параграф. Орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) беру ұйымдарында ОЖСБ-ны жүргізу тәртібі

19. ОЖСБ тестіленушілер білім алып жатқан орта білім беру ұйымдарының базасында жүргізіледі.

20. Бастауыш мектепте Заңның 55-бабының 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ОЖСБ 4-сынып білім алушылары арасында жүргізіледі.

21. ОЖСБ 4-сыныпта қағаз тасымалдағыш қолдана отырып, жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын екі пән бойынша жүргізіледі.

22. Негізгі мектепте ОЖСБ Заңның 55-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 9-сынып білім алушылары арасында жүргізіледі.

23. ОЖСБ 9-сыныпта қағаз тасымалдағышты, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қазақ тілі және басқа да жалпы білім беретін пәндер бойынша жүргізіледі, оның тізбесі мен санын жыл сайын уәкілетті орган айқындайды.

24. Жалпы орта мектепте ОЖСБ Заңның 55-бабының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 11-сыныпта жүргізіледі.

25. ОЖСБ 11-сыныпта қағаз тасымалдағышты, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын үш пән бойынша кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі.

26. Орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ны жүргізу үшін тест тапсырмаларының мазмұны жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны кӛрсетілген бағдарламалардың шеңберінен шықпайды.

27. ОЖСБ-ның нәтижелерін ӛңдеу ҰТО-ның филиалдарында жүргізіледі.

28. ОЖСБ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.

29. ОЖСБ рәсімі толық аяқталғаннан кейін БСБД күнтізбелік 10 күн ішінде ҰТО-ға орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ ӛткізудегі атқарылған жұмыстар актісін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырады.

2-Параграф. Жоғары білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны жүргізу.

30. Жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары білім беру ұйымдарында ОЖСБ Заңның 55-бабының 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес оқудың барлық нысанындағы соңғы курс студенттері үшін жүргізіледі.

31. Жоғары білім беру ұйымдарында ОЖСБ ӛткізу үшін мамандықтар бойынша «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 тіркелген) жоғары білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын үлгілік оқу жоспарларында қарастырылған пәндер бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады.

32. Жоғары білім беру ұйымдарында ОЖСБ тӛрт пән: базалық және бейінді бойынша жүргізіледі.

33. Тестілеуге келген білім алушының ӛзімен бірге рұқсаттамасы және жеке тұлғасын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

34. ОЖСБ тестілеуге жататын қатысушы білім алушылар контингенті құрамының 100 пайыз қатысушы болғанда жүргізіледі.

35. Ӛтініштерді қабылдау жабылғаннан кейін тестілеуге кіру рұқсаттамалары қалыптастырылып, базалық және желілік ЖОО-лардың жауапты тұлғаларына беріледі.

36. Тестілеу материалдары салынған қапшықтарды ашу БСБД қызметкерінің, базалық ЖОО ректорының және Министрлік ӛкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

37. Студенттерді орналастыру отырғызу парағына сәйкес жүргізіледі, тестілеу материалдары салынған қорап ашылып, жауап парақтары таратылып беріледі және толтырылады.

38. Сұрақ кітапшаларын тарату нұсқаларды үлестіру парағына сәйкес жүргізіледі. Сұрақ кітапшаларын үлестіргеннен кейін және студенттер сұрақ кітапшаларының мұқабасын толтырған мезеттен бастап тестілеу уақыты белгіленеді. Барлық сұрақ қою мен түсіндіру тоқтатылады.

39. Тестілеуге кіргізу барысында, тестілеу ӛткізу кезінде бӛгде адам анықталған жағдайда Министрліктің және БСБД-ның ӛкілдері бӛгде адамның қатысуымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тестілеуге кіргізу немесе тестілеу кезінде бӛгде адамды анықтау актісін жасайды, бӛгде адам мен білім алушының ӛзі тестілеуге жіберілмейді, нәтижелері жойылады.

40. Тестілеу кезінде аудиторияға тек Министрліктің және БСБД-ның ӛкілдері және Министрлік ӛкілдерінің топ жетекшісінің алып жүруімен базалық ЖОО-ның ректоры кіре алады.

41. Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленуші тестілеу материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда Министрліктің және БСБДның ӛкілдері тестіленушінің қатысуымен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленушінің емтихан материалдарды тапсырудан бас тартуы туралы акт жасайды, тестілеу нәтижелері жойылады.

42. Тестілеу аяқталғаннан кейін кезекші үш студенттің қатысуымен аудитория материалдарын Министрлік ӛкілінің кабинетіне жеткізеді.

43. ОЖСБ нәтижелерін ӛңдеу базалық ЖОО-ларда жүргізіледі.

44. Жауап парақтарын сәйкестендіру Министрлік ӛкілдерімен жүргізіледі.

45. Жауап парақтарын сәйкестендіру аяқталғаннан кейін базалық ЖОО-ның ректорымен бірлесе парольді енгізу арқылы дұрыс жауаптар коды ашылады.

46. ОЖСБ-ны ӛткізу аяқталғаннан кейін Министрліктің ӛкілі ҰТО-ға қағаз және электронды тасымалдағышта ОЖСБ ӛткізу барысы туралы толық есеп береді.