Сенім телефоны
8(7182)550984
email: pav2school@bk.ru
Мекенжайы: Короленко, 9/1
8(7182)550984, 8(7182)559740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Жұма сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда3017851
Бір айда289317
Бір аптада61931
Кеше11091
Тәулік1299
Қоғамдық қордың жарғысы
2012 жылғы  3 желтоқсандағы  
«Жалын» қайырымдылық қоры»
қоғамдық қорының шартына қосымша
 
 
 Құрылтайшы шартына қосымша
 
1.1. Қазақстан Республикасының азаматтары:
1. Абенова Арай  Елебайевна
2. Тошанова Айман Сейтеновна
3.Абулгазинова Гульхан Жумахановна
4. Макина Акмарал Кудайдулловна
5.Садыкова Майшат Госмановна
6.Азимханова Нургуль Болатбековна
7.Мухамеджанова Сауле Рамазановна
8.Кабиева Дина Сагдатовна
9.Мухамеджанова Бибигуль Негматоллаевна
10.Амиргалиева Айгерим Омаржановна
11.Нургалиева Гульнигара Казбековна
         Өзара тиімді қарым-қатынастағы бірлесуді  көздеп, «Жалпы орта білім беру мектептерінде «Жалын» қайырымдылық  қоры»  қоғамдық  қордың құрылтайшылары арасында  пайда  көруді    көздемеген және өзара бөліске  салмауды  мақсат еткен  қоғамдық қор құру  келісілді.
1.2. Қордың қызметінің заты Қор жарғысында айтылған мақсаттар мен міндеттердің жетістігі болып табылады.
1.3. Қор комерциялық емес ұйым, өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қордың Жарғысына және осы шартта айтылған ережелерге басшылыққа алады.   
1.4.Толық атауы:№ 2 жалпы орта білім бері мектебінің «Жалын» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры.
 
2.Қордың заңды мәртебесі
 
2.1. Қор оның мемлекеттік тіркелген уақытынан бастап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады.
2.2.Қор өзінің мемлекеттік және орыс тіліндегі атауымен дөңгелек мөрі, мөртабаны, банктерде есеп шоты және жеке балансы бар.
 

 

3. Қор қызметінің  негізгі  қағидалары

 
3.1.Қор өзінің  қызметінде Қазақстан Республикасы  Ата заңын, Қазақстан
Республикасы  Азаматтық  Кодексі, Қазақстан Республикасы  «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңын, басқа да Қазақстан Республикасы аумағында  қолданатын заңнамаларды, аталмыш  келісім-шарт пен  Қордың Жарғысын  басшылыққа алады.
3.2.Жарғыдағы мақсатты іске асыру бағытында  өз қызметінің  жоспарын
өзбетінше  құрастырады  және бекітеді.
3.3.Қор өз еркінше,өз-өзін басқару, заңдарға бағына, есеп беру,
жариялылық  негізінде құрылды  және қызмет көрсетеді.
3.4.Қор балансында бекітілген  өз мүлігінің  жеке  меншігі болып
табылады. Қор мүлігі жеке меншік  құқығына ие.
     3.5. Қордың қаржысы жарналық  мүшеліктен, өз еркімен және     құрбандықтан,жарғылық қызмет бойынша өткізілген іс шаралардан, басқа да заңнамалық актілерге қайшы келмейтін түсімдерден құралады.
     3.6.Қор құрылтайшыларының  қор мүлігіне құқығы жоқ, міндеттемелеріне    жауап бермейді,ал қор өз құрылтайшыларының  міндеттемелеріне жауап бермейді.
 
4.Қорға қатысушылар  мен  құрылтайшылардың
міндеттері  және құқықтары
 
  1. Көмек көрсететін тұлғалар мен құрылтайшылар  Қорға өз еркімен  құрбандықтар мен  қайырымдылық  қызметіне  қатысады.
  2. Қор қызметіне  көмек көрсететін  тұлғалар, соның ішінде құрылтайшылардың  құқықтары:
  3. қызметтің барлық  түрлеріне қатынасуға;
  4. Қор қызметіне қатысуын кез келген уақытта тоқтата алады.Жеке  реестерде қызмет көрсететін  тұлғаларға есеп  жүргізуге;
  5. Қор қызметі  туралы  ақпараттар алуға және  құжаттармен  танысуға.
4.3.Қор құрылтайшылары заңнамалар қарастырған  басқа да құқықтарға  ие бола алады.
4.4.Қор құрылтайшылары міндетті:
-  құрылтайлық құжаттардың  талаптарын  сақтауға;
- құрылтайлық  құжаттар қарастырған  қажеттілігіне қарай  қалыпты қызметінің  тәртібі, мөлшері,тәсілдері  мен мерзімдері  бар қор  мүлігін  беруге.
4.5.Қамқорлық  кеңес құру.
4.6.Қор құрылтайшылары  Қазақстан  Республикасы  заңнамаларына, Қор жарғысымен, аталмыш құрылтайлық  келісім-шартқа сәйкес  басқа да құқықтарға  ие.
4.7.Қорға қызмет көрсететін  тұлғалар міндетті:
- Қордың  бағдарламалары  мен  іс шараларын  жүзеге асырғанда Қор жарғысымен және  аталмыш  құрылтайлық  келісім-шарттың  талаптарын қатаң сақтауға;
- Қор қызметі  туралы құпия ақпаратты  жарияламауға;
- Қор қызметіне  зиян  келтіретін  іс-әрекеттерден  бас тартуға.
 
5.Ұйымдастырушылық  құрылым
 
5.1.Қор Павлодар  аумағында қызмет ететін  жергілікті  мекеме болып табылады.
5.2.Қор қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша  Қазақстан Республикасы заңнамалары бекіткен өзінің құрылымдық  бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктер)  ретімен құра алады.
5.3.Қордың  жоғары органы  Қордың  жалпы жиналысына қатысушылар болып табылады, Қор қызметіне байланысты  кез келген  мәселелерді  қарастыруға және шешуге  құқылы.
5.4.Қордың жалпы жиналысына қатысушылардың құзыреттілігіне  мынадай  мәселелер кіреді:
- Қор жарғысына, құрылтайлық құжаттарға  толықтырулар мен өзгертулер енгізу мен қабылдау;
-    Қорды  ерікті түрде  қайта ұйымдастыру мен тарату;
- Қордың  қамқорлық  кеңесінің, Қордың  басқару органының  құзыреттілігін  анықтауға, ұйымдастырушылық  құрылымды  қалыптастыру мен тоқтату тәртібіне құқылы;
- бекітілген заңнама актілер  аясында Қор қатысушыларының  өздерінің филиалдар мен өкілдіктері, басқа да заңды тұлғалардың іс-әрекеті немесе құру туралы  шешімге  қатысуға;
-Қор  төрағасы мен  тексеру  комиссиясы  есептерін  бекіту;
-ағымдағы оқу жылына қатысушылардың ерікті жарналар мөлшерін  анықтау  мен бекіту;
- Қордың  атқарушы  органдарының  қаржылық  есебін  кезеңдермен  тағайындау және  тәртібін анықтау, сонымен бірге Қордың  бақылаушы органдары  тексеру өткізу тәртібі мен  олардың  нәтижелерін бекіту;
-Қордың жоғары органының құзыреттілігіне  байланысты ҚР заңнамалық  актілеріне енгізілген  басқа да мәселелер.
5.5.Әрдайым   басқару  органы  Қор қызметіне басшылық жасап, бақылауды іске асыратын  қамқорлық  кеңес болып табылады.Қамқорлық  кеңес  қамқор қызметіндегі  кез келген мәселелерге, жалпы жиналыстың  құзыреттілігіне  енген  мәселелерге шешім  қабылдауға құқылы.
5.6.Қамқорлық кеңестің  ерекше құзыреттілігіне  келесі  мәселелер кіреді:
- өз құрамынан  Қор төрағасын  сайлау;
- Қор қызметінің негізгі  бағыттарын айқындау;
- қаржылыққа қабылданған  іс шараларды бекіту;
- Қордың және бөлімшелері қызметінің  қорытындылары туралы  есеп қарастыру мен бекіту.
5.7.Қамқорлық кеңестің  құзыреттілігіне  енген  мәселелер  Қор төрағасына қарастыруына берілмейді.Қамқорлық кеңестің  қызмет жасау мерзімі  бір жылға анықталған.Қамқорлық кеңестің  қызметі  біткеннен кейін, оның құрамы қайта қарастырылады.Кеңестің  мүшелерін жаңа мерзімге  бекітуге болады.
5.8.Жалпы жиналысқа қатысушылардың  шешімдерін орындау мен  қызмет жасау неізінде,  Қамқорлық  кеңес, Қордың  атқарушы органы Қор төрағасы  және  ондағы тіркелгендер  болып табылады.
Қордың басшысы  төраға  болып табылады,оның құзыреттілігіне мыналар кіреді:
-Қордың  ағымдағы қызметіне жалпы жедел басшылық жасау;
-Қордың басқару органы шешімдері негізінде  қабылданған  келісім-шарт пен ымыраласу;
-қамқорлық  кеңестің шешімдері, қаржылық және банктік  құжаттар;
-Қордың басқа да басқару органы  құзыреттілігіне  кірмейтін  бұйрықтар, хаттар, басқа да құжаттарға қол қою;
-Қор атынан  қызметін сенімхатсыз  жүргізу, оларды барлық  мемлекеттік органдарда,ұйымдарда, мекемелерде ұсыну;
-сенімхат беруге;
-Қор қызметінің нәтижесі  туралы  есеп  дайындау;
-Қордың  басқару органына  Қор қызметінің  мәселелері  бойынша ұсыныстар енгізу;
-Қор қызметінің ағымдағы  басқа да  мәселелері бойынша өз құзыреттілігіне  сай  шешім қабылдау.
5.9.Қордың  бақылаушы органы  тексеру комиссиясы болып табылады.
 

 

6. Даулы жағдайларды  шешу

 
6.1.Қор қызметінің  үдерісінде  пайда болған  кез келген дауларды құрылтайшылар арасында  өзара ымыраластықта талқылау мен келісімсөздер арқылы шешуге  бар шамаларын  салуға міндетті.
 

 

7. Осы  шарттың қызмет  мерзімі

 
7.1. Осы шарт қол қойған  уақыттан  бастап мерзімсіз болып табылады.
7.2. Қор  өз қызметін  мынадай  жағдайларда  тоқтата алады:
7.2.1. Қордың қатысушылары жалпы  жиналысының шешімі  бойынша;
7.2.2. сот шешімі  бойынша;
7.2.3. Қазақстан Республикасы  заңнамасында  қарастырған  басқа да жағдайларда.
 

 

8. Қорытынды  ереже

 
  1. Осы шартқа  енгізілген  кез келген  өзгертулер  мен толықтырулар  Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырған әділет  органдарының  тәртібімен тіркелген, қатысушылар  мен уәкілетті өкілдермен жазбаша  түрде  берілген жағдайда  жарамды. Құрылтайлық шартқа енген  толықтырулар мен өзгертулер  Қор жарғысындағы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес  беріледі.
  2. Осы шарт құрылтайшылар қол қойған уақыттан бастап және әділет органдарында  мемлекеттік  тіркелгеннен кейін өз күшіне енеді.
 
Осы шартқа_______________ 2019 жылы  Павлодар қаласында қол қойды