Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мемлекттік стандарт

Мемлекеттік қызмет стандарты

«Білім туралы құжаттардың  телнұсқасын беру»

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары (бұдан әрі — білім беру ұйымдары) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны:  автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 9) тармағына және «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына  сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымының веб-сайтында орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды;
2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9.  Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден  14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
 10. Мемлекеттік қызмет  білім беру ұйымдарында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күту залы, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орын).
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметті  кедергісіз алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін  ғимараттарда арнайы  жабдықталған пандус қарастырылады.  

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай  құжаттарды ұсынады:
1) құжатты жоғалтқан азаматтың білім беру ұйымы  басшысының атына оның жоғалу жағдайы баяндалған өтініші;
2) құжатың нөмері және берілген күні көрсетілген құжаттың жоғалғаны жөніндегі газеттен үзінді;
3) туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесі;
4) жоғалған заттарды табу бюросынан анықтама.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы  ақпарат білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар білім беру ұйымдарына тапсырылады.   
14. Мемлекеттік  қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға  қолхат беріледі, онда:
1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) ұсынылған құжаттардың атаулары және саны;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) құжаттардың  ресімдеуге өтінішті қабылдаған білім беру ұйымы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің)  жеке қатысуымен асырылады.
16. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар  ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негізде қарастырылады.
Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартылғаны туралы дәлелді жауапты білім беру ұйымынан алады.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Білім беру ұйымының қызметі заңнамалық  және  нормативтік құқықтық актілердің сақталуына негізінделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оны сақтау, қорғау және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың  қосымшасына  сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 
19. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

20. Білім беру ұйымы қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты білім беру ұйымының оқу бөлімінен алуға болады. 
21. Шағымдар ауызша немесе жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе ұйым кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. 
22. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік  қызметті алушылар апелляцияның жоғарғы инстанциясы –  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүгіне алады. 
23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік  қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Білім беру ұйымына шағым беру үшін мемлекеттік қызметті алушы еркін үлгіде өз қолымен жазған өтінішін тапсырады.
25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс ақпараттары журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.  
Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

         2012 жылғы «     »

№       қаулысымен

бекітілген

  

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттікқызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

1.    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін  (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары көрсетеді.

2.     Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3.   Мемлекеттік қызмет мынадай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;

3) «Баста­уыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру­дің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz. ресмисайтында орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызметті алушыға  берілетін  мемлекеттік  қызметтің аяқталу нысаны  білім  беру  ұйымдарының  жалпы орта білім беретін ұйымдарға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап  болып  табылады.

6. Аталған қызмет Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі мемлекеттік қызметті алушылар қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап бір жұмыс күнін құрайды:

1) өтініш берілген күні (тіркеу кезінде) сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күту уақыты – 30 минут;

2) өтініш берілген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақыты – 30 минуттан аспауы керек.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің соңғы нәтижесін (білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы бұйрық) алу мерзімі – 3 айдан аспауы керек, себебі оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық білім алушылар үшін ортақ болып табылады.

8. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ұйымдарға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет барлық санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін болып табылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын  9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Алдын ала жазылу және жеделдетіп ресімдеу қарастырылмаған.

10. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша және аталған білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) есепке ала отырып, білім беру ұйымдарында көрсетіледі.

Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшін ғимарат креслолармен және орындықтармен  жабдықталған.

 

 2.  Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы білім беру ұйымына өтініш білдірген жағдайда мынадай құжаттарды ұсынады:

1) баланың заңды өкілдерінен өтініш (еркін нысанда);

2) туу туралы куәліктің көшірмесі;

3) денсаулығы туралы анықтама (денсаулық паспорты);

4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;

5) 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосурет.

Бастауыш білім беру ұйымына 1-сыныпқа келуші баланың заңды өкілдерінен өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі.

1-сыныпқа қабылдау кезінде жекеменшік білім беру ұйымынан басқа бастауыш білім беру ұйымдары емтихан мен тестілеу жүргізбейді.

Білім беру ұйымына құжаттарды қабылдау немесе оқуға қабылдау бойынша  мемлекеттік қызметті алуға үміткер мемлекеттік қызметті алушы таңдаған оқыту бейініне сәйкес білім беру ұйымының мәртебесін, білім беру деңгейін, сондай-ақ, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) ескергені жөн.

12. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Министрліктің www.edu.gov.kzресмисайтынан, сондай-ақ білім беру ұйымдарының ақпараттық стенділерінен алуға болады.

13. Мемлекеттік қызметті алушының құжаттары білім беру ұйымының кеңсесіне жауапты тұлғаға тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) өтінішті қабылдау нөмірі және уақыты; 

2) құжаттардың саны мен атауы;

3) құжаттарды қабылдаушы жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.

15. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі:

білім беру ұйымдарына өтініш берушінің  жеке қатысуы арқылы.

16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болуы мүмкін:

1) осы стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар пакетінің толық берілмеуі;

2) құжаттарда дәйексіз немесе бұрмаланған фактілердің (мәліметтердің) анықталуы;

3) аталған білім беру ұйымында сұратылған білім беру деңгейінің жоқтығы немесе сәйкес келмеуі;

4) мемлекеттік қызметті алушының оқу көрсеткішінің таңдалған білім беру ұйымының мәртебесіне сәйкес келмеуі;

5) аталған білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына тұрғылықты жерінің сәйкес келмеуі.

Аталған білім беру ұйымдарында қажетті оқыту бейіні жоқ болса, мемлекеттік қызметті алушыға аудан (қала) аумағындағы басқа да жалпы білім беретін мектептерде таңдаған оқыту  бейіні бойынша бос орындардың болуы туралы ақпарат беріледі.

Білім беру ұйымына қабылдау үшін өтініш берушінің құжаттарын қабылдау кезінде басшылар мемлекеттік қызметті алушыларды білім беру ұйымының  Жарғысымен және басқа да білім беру үдерісін реттейтін құжаттармен таныстыруы тиіс.

 

 3.  Жұмыс қағидаттары

 17. Білім беру ұйымдарының қызметі мынадай қағидаттарға  негізделеді:

1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;

2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) сыпайылық;

4) жан-жақты және толық ақпарат беру;

5) қорғау және құпиялылық;

6) мемлекеттік қызметті алушының мерзімінде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

 

4.  Жұмыс нәтижелері

18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

 19. Мемлекеттік қызметтің сапалық және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

  

 

5.  Шағым беру тәртібі

20. Уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымдану қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы немесе оның заңды өкілі өңірлік уәкілетті білім беру органдарына: аудандық (қалалық) білім бөлімдері (бұдан әрі – аудан (қала)ББ) хабарласуына болады.

Егер мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілі қабылданған шараларға қанағаттанбаса не мәселе жоғары деңгейде қарауды талап еткен жағдайда заңды өкіл Астана қаласы, Орынбор к-сі, 8, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде шағым жолдауына болады.

Шағымдар поштамен немесе жұмыс күндері министрліктің кеңсесі арқылы хат түрінде қолма-қол қабылданады.

22. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразы болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар аудан (қала) білім бөлімдері бастығының атына шағымданады.

23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым беру кезінде мемлекеттік қызметті алушы еркін нысандағы өтінішті тапсырады.

   25. Қабылданған шағымдар білім бөлімдерінің кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі. 

Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

 

_____________________________________

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына қосымша

 

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тің нормативтік мағынасы

Көрсеткіш-тің кейінгі жылдағы мақсаттық мағынасы

Көрсеткіш-тің есеп беру жылдағы ағымдық мағынасы

 

1

2

3

4

1. Уақтылылық

1.1. Құжат тапсыру кезінен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі)

 

 

 

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

 

 

 

2.2. Құжаттардың дұрыс рәсімделу жағдайларының % (үлесі) (есептелген сомалар, есептер ж.б.)  

 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен қызмет көрсетудің реттілігі жөнінде ақпарат жайлы қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

 

 

 

3.2 Электронды форматтақолжетімді болған қызметтер, ақпараттар  % (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібімен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

 

 

 

5. Әдептілік

5.1.Қызметші персоналдың әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

        2012 жылғы «     »

№     қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»

 мемлекеттік қызмет стандарты

 

1.     Жалпы ережелер

1.«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1, 2-қосымшаларға сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарыжүзеге асырады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының                   2011 жылғы 24 қазандағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына,               3-тармағының 21) тармақшасына, 4-тармағының 14) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.   

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат осы Стандарттың 3, 4-қосымшаларында тізбесі көрсетілген облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың білім басқармаларының фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерінің және білім басқармасының интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kzсайтында орналастырылған.

5.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы стандарттың   5-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгенітуралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ берунемесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мекемелердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы):

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;

3) отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

4) төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға;

5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы балаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру бес жұмыс күнін (өтініш түскен мерзімнен бастап бес күн ішінде) құрайды;

2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің барынша шекті уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;

3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9.Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі:

         белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.

10.Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалғаноблыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарында көрсетіледі.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы жалпы білім беретін мектепке мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

            1) осы стандарттың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

2) осы стандарттың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін табысы туралы мәліметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);

3) осы стандарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген отбасыларда тәрбиеленетін адамдар санаты үшін, уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімі;

         4) осы стандарттың 6 тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатын отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде алқалық орган айқындайды.  Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.

         12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі және қажетті құжаттар тізбесі жалпы білім беретін мектептердің фойесінде орналастырылады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің қызмет көрсетуге жауапты қызметкерінен алуға болады.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті көрсетуге жауапты жалпы білім беретін мектеп қызметкерінің кабинетіне тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес қызметті алатын күнін көрсете отырып, қолхат берген жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, өтінішті қабылдап алған күні мен нөмірі көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері мемлекеттік қызметті алушының өзі немесе оның өкілі өтініш берген жағдайда (ресми бекітілген тиісті құжаттар болған жағдайда) өтініш түскеннен бастап 5 күн өткен соң беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы негіз болады.

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары:

1) Қазақстан Републикасының заңнамасын сақтау;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік қызметті уақытында ұсыну;

5) сыпайылық және нақтылық.

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың                          8-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

        

  5. Шағымдану тәртібі

20. Облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті білім беру органдарының қызметкерлері уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға көмек көрсетеді.

21. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті білім беру органдарының кеңселері арқылы аталған стандарттың 3, 4-қосымшаларына сәйкес жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Шағым беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесіне еркін нысанда жазылған өтініш және қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың көшірмелері кіреді.

22. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша наразылық болса, қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты,                  11-кіреберіс, 945-кабинет.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы білім беру органдарына шағым беруүшiн мемлекеттік қызметті алушы өтінішті еркiн нысанда өз қолымен жазады.

25. Қабылданған шағым облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы білім беру органдарының кіріс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау  тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға өтiнiштiң күнi мен уақыты, қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.

26. Шағымды қарау нәтижесi мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта немесе электронды пошта  арқылы хабарланады.

_________________________________ 

 

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік қызмет

стандартына 5-қосымша

 

 

 

 

Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етутуралы анықтама үлгісі

 

Осы анықтама ___________________________

                                    (Т.А.Ә.)                     20__ - 20__  оқу жылында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгендігі туралы берілді.

 

 

               М.О.                                                                            

                                                                                    Мектеп директорының қолы, күні

________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік қызмет

стандартына 6-қосымша

 

 

Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын  тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге

өтініштің үлгісі

 

 

                                                                  № _____________ мектеп директорына

                                   (мектептің аты)

                                                         ____________________________

                                                                      ( ______ ауданның, _________облыстың)

                                                      ________________________     

                                              (директордың Т.А.Ә.)

                                                                      _______________________

                                                                         (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

                                                            мына мекенжай бойынша тұратын:

                                                                      ____________________________

                                                     (елді мекен атауы, тұрғылықты

                                              мекен-жайы, телефоны)

 

 

Өтініш

 

         Менің кәмелеттік жасқа толмаған (Т.А.Ә. туған күні) (мектеп № және сынып литерін көрсету) оқитын баламды (оқу жылын көрсету) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгізуіңізді сұраймын.

 

 

Күні, қолы

___________________________________

 


«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік қызмет

стандартына 7-қосымша

 

 

Тұтынушыдан құжаттарды алғаны жөніндегі қолхаттың үлгісі

 

 

           ________________________ мектеп (мектептің № немесе атауын көрсету)

_______________________________________________________

            (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

 

             Құжаттың алынғаны туралы № _______ қолхат

 

_________________________________ мынадай құжаттар алынды:

                                    (тұтынушының Т.А.Ә.)

1. Өтініш

2. Өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама

3. Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);

4. Отбасыларда тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронаттық тәрбиеде екендігін растайтын уәкілетті органның шешімі

5. Материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі.

6. Басқа __________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

 

                                                                             Қабылдады_________ (қолы)

20__ ж.  "__" _____________

 

___________________________


«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік қызмет

стандартына8-қосымша

 

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа және

тиімділіккөрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы

мәні

Көрсеткіштің

есепті жылдағы ағымдағы мәні

 

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсынужағдайларының %-ы(үлесі)

 

 

 

 2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсынуүдерісініңсапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

 

 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудыңсапасынажәне  оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған  тұтынушылардың %-ы(үлесі)

 

 

 

 

3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы(үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың  %-ы(үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына  қанағаттанған тұтынушылардың %-ы(үлесі)

 

 

 

 

_________________________

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

    2012 жылғы «    »

№        қаулысымен

бекітілген

 

 

 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет: 

1) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңымен;

2) «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңымен;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 100 қаулысымен бекітілген Арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережемен;

4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 974 бұйрығымен бекітілген Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ережемен реттеледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kzресми сайтында орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Аталған қызмет денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемі білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) ұсынылады.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ке дейін жүзеге асырылады.

Алдын ала жазылу және жедел рәсімдеу қарастырылмаған.

10.Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады. Қызмет көрсетілетін бөлме көлемі, орналасуы және сырт пішіні жағынан сапалы қызметтерді ұсыну талаптарына сай келеді.  Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасау үшін бөлме креслолармен және орындықтармен жабдықталған.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1)медициналық көрсеткіштер бойынша мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы қорытынды: жергілікті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы Дәрігерлік-консультациялық комиссия береді;

2) мүгедек баланы үйде оқыту үшін білім беру бағдарламасы түрінің қорытындысы мен ұсынысы: тұрғылықты мекенжайы бойынша психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация (ПМПК) береді;

 3) білім беру ұйымы директорының атына ата-ананың еркін нысанда жазған өтініші;

4) мемлекеттік қызметті алушы ата-аналарының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;

5) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесі;

6) мекенжай анықтамасы;

7) ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kzресми сайтында орналастырылады.

13. Мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттары білім беру ұйымының басшысына тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға алатын күні белгіленген тізімдеме беріледі.

15.  Қызмет көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілінің жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

16.Білім беру ұйымы осы стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Білім беру ұйымының қызметі мына қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;

2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) сыпайылық;

4) толық және жеткілікті ақпарат ұсыну;

5) қорғау және құпиялылық.

6) мемлекеттік қызметті алушы мерзімінде ала алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

4. Жұмыстың нәтижесі

 

18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандартқа                                1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес, тиісті жергілікті атқарушы органның білім бөліміне хабарласуына болады.

21. Шағымдар жазбаша түрде поштамен немесе білім басқармасының кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма қол қабылданады.

22. Мемлекеттік қызметті ұсынудың сапасы бойынша наразылық болған жағдайда, шағым аудандық (қалалық) немесе облыстық білім басқармасы бастығының атына жазылады.

23. Шағым аудандық (қалалық) немесе облыстық білім басқармасының кеңсесі арқылы беріледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

24. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

25. Қабылданған шағымдар білім бөлімінің кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.

Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

______________________________________

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін  (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық, қалалық білім бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) және республиканың білім беру ұйымдары көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының            2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, 3-тармағының 11) тармақшасына, 4-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарындағы стендтерде, сондай-ақ, өңірлердегі білім бөлімдерінің ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымдарындағы күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген күннен бастап                          күнтізбелік 10 күнді құрайды;

2) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алғанға дейін күтетін (тіркелу кезінде) барынша шекті уақыт –    30 минуттан аспайды.

3) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсететін барынша шекті уақыт – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет жергілікті және республикалық бюджет есебінен тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және қызметті жедел ресімдеусіз уәкілетті орган мен білім беру ұйымдарының бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.

10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған уәкілетті органның және білім беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетіледі.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

2.             1) ата-аналардан өтініш;

3.             2) жеке басын куәландыратын құжат;

4.             3) өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

5.             4) денсаулығы жағдайы туралы анықтама  (медициналық төлқұжат).

6.             12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі білім беру ұйымының фойесінде, сондай-ақ, өңірлердің білім бөлімдерінің ресми сайттары мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.

13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар тізбесі уәкілетті орган мен білім беру ұйымындағы мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты тұлғаға тапсырылады.

14. Уәкілетті орган және білім беру ұйымы барлық қажетті құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:

1) өтінішті қабылдау нөмірі мен күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса тіркелген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орыны;

5) құжаттарды ресімдеу үшін өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері.

15. Мемлекеттік қызметті мемлекеттік қызметті алушыға жеткізу мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) өзі келген жағдайда жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың  11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық тапсырмауы, сондай-ақ,  қызметті ұсыну үшін белгіленген тұлғалар санаттарына сай келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға нег3з болып табылады.

 

3. Жұмыс қағидаттары

17. Қызметті көрсетудің негізгі қағидалары:

 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

 2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;               3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

 4) мемлекеттік қызметті уақытылы ұсыну;

 5)  сыпайылық және әдептілік болып табылады.

 

4. Жұмыс нәтижелері

         18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

         19. Мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні қажеттілігіне қарай уәкілетті басшысының бұйрығымен бекітіледі.

 

5. Шағымдану тәртібі

         20. Осы стандартқа 1-қосымшада мекенжайлары көрсетілген уәкілетті органдар уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдемдеседі.

21. Шағымдар  пошта бойынша жазбаша түрде немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда электронды түрде немесе уәкілетті органның кеңселері арқылы қолма-қол қабылданады.

         Уәкілетті орган басшыларының жұмыс және қабылдау кестесі белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.

         22. Мемлекеттік қызмет сапа бойынша наразылық болса және дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым тиісті жергілікті атқарушы органның білім бөліміне беріледі.

         23. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

         24. Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағым беру кезінде субъектінің атауы немесе шағым берілген лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, сондай-ақ арыздың себептері мен талаптары көрсетіледі.

         Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы арызға уәкілетті орган ұсынған мемлекеттік қызметтің сапасыз екенін растайтын құжаттарды қоса береді.

    25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс ақпараты журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.

Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

 

______________________________

 

Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

Сауықтыру ұйымының атауы

 

№ ________   жолдама  

                            

Аты-жөні _____________________________

Туған күні: _____________________

Мекен-жайы____________________________                 

___________________________________

Мектебі :____________________________                                                                             м.п.

Сыныбы  :_____________________________

Ата-анасының аты-жөні__________________

___________________________________

Жұмыс орны:______________________

 

Жолдамаға кері талон №_______

 

 

Аты-жөні____________________________

 

                                                                                        с «         »____________________20      г.

20      жылдың «   » _______________бастап

 

20      жылғы «    »_______________дейін

 

_____________________________________

болды

 

Директор :_______________________

 

Жолдама денсаулығы туралы анықтама болғанда ғана жарамды.                                     

Жолға шығар алдында бала жуындырылған және таза киімде болуы тиіс

                                                                                                           

Өзімен бірге:

1.Іш киім             2 дана

2.Шұлық             3 дана                                                                                                                           

3. Жеке гигиеналық заттар (тіс пастасы,

   тіс щеткасы, сусабын, сабын, жуыну жөкесі,тарақ)

4.Футболка, шорты;

5. Шалбар (джинсы);

6. Күрте (жылы күртенемесекеудеше) ;

7. Суға түскенде киетін киім;

8. Бас киім (кепка, панамка);

9. Спорттық костюм;

10. Спорттық аяқ киімдер;

11. Шәркей (сланцы); 

12. Сүлгі – 2 дана (моншаға, бетке арналған) болуы тиіс                                                                                                                          

Құнды заттар үшін әкімшілікке жауапкершілік жүктелмейді!

Балалардың сауықтыру ұйымының атауы

 

№ ________   жолдама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мекен-жайы:

 

 

________________________________________ 


«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

 

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа және

тиімділіккөрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы

мәні

Көрсеткіштің

есепті жылдағы ағымдағы мәні

 

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсынужағдайларының %-ы(үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсынуүдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудыңсапасына және  оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған  тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың  %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына  қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

 

________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты

ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды

ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

                  

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа және

тиімділіккөрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы

мәні

Көрсеткіштің

есепті жылдағы ағымдағы мәні

 

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсынужағдайларының %-ы(үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсынуүдерісініңсапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудыңсапасынажәне  оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған  тұтынушылардың %-ы(үлесі)

 

 

 

3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы(үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың  %-ы(үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына  қанағаттанған тұтынушылардың %-ы(үлесі)

 

 

 

 

 

___________________________________________